Классикалық журналды толтыру бойынша нұсқаулық

Журналдағы белгілер журналды толтырушы мұғалімнің парақшасында баптауларында таңдалған тілде қойылады. Парақшаның тілін ауыстырған кезде белгілер автоматты түрде аударылады. Оқушылардың күнделіктеріндегі белгілер олардың парақшаларында таңдалған тілде көрсетіледі.

Сабаққа қатысуы

Пернетақтадан тек келесі таңбаларды енгізу үшін қолдану керек:

  • ж – «кішкентай», дәлелсіз себептермен болмауын белгілеу үшін;
  • д – «кішкентай», дәлелді себеппен болмауын белгілеу үшін;
  • а – «кішкентай», ауру себебі бойынша болмауын белгілеу үшін;
  • к – «кішкентай», сабаққа кешігуін белгілеу үшін;

Журналдардың қағаз түрлеріне арналған стандарттарға сәйкес, журналдың басып шығарылған нұсқасында «к» белгісі есепке алынбайды, «а» және «д» белгілері «ж» белгісіне ауысады.

Үлгерімі

Пернетақтадан тек келесі таңбаларды енгізу үшін пайдалану керек:

  • бағалардың таңдалған баллдық жүйесінің аясындағы 1-ден n-ге дейін сандары (мұнда n = 5,10,12,100);
  • әріптер – бас латын әріптері немесе Америкалық бағалар жүйесінің аясындағы оларға сәйкес сандары;
  • СӨ, СӨП – бас немесе кіші әріптер. Кез-келген бағалау жүйесінде қоюға болады; 
  • БОС – бас немесе кіші әріптері, қорытынды бағалаудан босатылуды белгілеу үшін. Кез-келген бағалау жүйесінде қоюға болады; 
  • А/Ө – бас немесе кіші әріптерімен, қиғаш сызықпен (/) арқылы қорытынды бағалаудан өтпегенін белгілеу үшін. Кез-келген бағалау жүйесінде қоюға болады.

Сабақтағы барлық жұмыс түріне, сабақ парақшасында қосымша өңдеусіз, қисық сызық арқылы баға қою мүмкіндігі бар.

Екі бағаны тақырыптық баға ретінде «Тақ.» графасы мен «Қорытындылар» бағанында қоюға болмайды, тек «Емтихан» бағанына рұқсат етілген.

Журналда жолдан жолға өту «Enter» пернесін басу арқылы немесе «жоғары» және «төмен» көрсеткіштерін басу арқылы орындалады, ұяшықтан ұяшыққа өту «солға» және «оңға» көрсеткіштерін басу арқылы орындалады.

Орташа өлшенген балл

Орташа өлшенген балл – жүйеде автоматты түрде есептелетін оқушының үлгерімінің талдамалы көрсеткіші, ол жалпы санында бағалар қойылған әр жұмыстың салмағын есепке алады.

Орташа өлшенген баллды «Әкімшілік» бөлімі / «Параметрлер» блогында орнатуға болады.

 

 

Әкімші әр түрлі жұмыстардың бір-біріне қатысты маңыздылығын көрсету қажет.

Орташа өлшенген балл оқушының қандай жұмыс түрі үшін баға алғаны есебімен дәлелді білім бағасын береді.

Егер мектепте барлық үлгі жұмыстарының салмақтары 1-ге тең болса, «орташа өлшенген балл» бағаны журналда көрсетілмейді.

Әкімші ата-аналар мен оқушылардың журналдары мен күнделіктеріндегі орташа және орташа баллдың көрсетілуін немесе жойып тастай алады. Бұл үшін қажет:

  • мектепке әкімшілік ету мәзіріндегі «Баға түрлері» бөлімінде «Қосымша параметрлер» қойындысын ашу;
  • қажетті ұяшықтарға белгілер қою;
  • өзгертулерді енгізу үшін «Сақтау» түймешігін басу.

 

 

Орнатылған параметрлер ББМ барлық сыныптарына таратылады.

Орташа өлшенген баллды есептеу формуласы:

Орташа өлшенген балл = (олардың салмағы бойынша бағалау өнімдерінің сомасы) / (осы бағалардың салмақтар қосындысы). 

Есептеу үлгісі:

Бақылау жұмысы үшін «5» және «4»

Сабақтағы жауап үшін «3».

Бақылау жұмыстарының салмағы - 10 балл, сабақтағы жауап салмағы - 1 балл.

Орташа өлшенген балл = (5*10+3*1+4*10) / (10+1+10) = 4,43

Осы есептеменің көмегімен орташа өлшенген балл орташа балға тең болуы мүмкін, егер барлық салмақ бір-біріне тең болса.

Үнсіз келісім бойынша журналдар мен күнделіктерде орташа баллды көрсету параметрі қосылған ал орташа өлшенген баллпараметрі жасырылған.

Егер ББМ жұмыс өлшемдерін қолданбаса (яғни, жұмыс өлшемдері біріңғай – 1 немесе 2 тең болса және т.б.) онда орташа жұмыс ұпайларының ұяшықтары бұғатталады.

Комментарии

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Сауле Бахтияровна Нуртазаева! "Мектеп - Журналдар - Сабақ парақшасы - Сабақ тақырыбын қосу"

  • Avatar
    Акмарал Мараткызы Төлеген

    Сәлеметсіз ба!Мен жаңадан тиркелген болатынмын. Не себепті менде ктж ашылмай тұр? Мұғалімдер тизиминде турмын, бирак ктж ашылмай журмин?!

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн,Акмарал Мараткызы Төлеген!
    Сізден team@kundelik.kz сұрағыңызды толықтырып жазып жіберуіңізді сұраймыз.

  • Avatar
    Урзада Тлеуовна Турлыбекова

    Салеметсизбе!Менің сыныбым 2сынып,барлық сыныптардың журналы ашып тур ал менікі ошибка сервера 500 деп шығып тур.Қорытынды бағаны қалай қойсам болады???

  • Avatar
    Шалкар Кусаингазыевич Шакеров

    Сәлеметсізбе 1 сынып 1.2 тоқсанда қортылмайды енді сол жерге А деп қойсақ болама

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Урзада Тлеуовна Турлыбекова!
    Сізден team@kundelik.kz сұрағыңызды толықтырып жазып жіберуіңізді сұраймыз.

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Шалкар Кусаингазыевич Шакеров!
    "СӨ" - деп қойып шығуыңыз қажет.

  • Avatar
    Серик Доскалиевич Доскалиев

    Сәлеметсіз бе! Мен сіздерден 3,4,6,8,9 сыныптарға 10,11 сыныптардағыдай журналды толтыру бетіндегі тоқсанға шығатын бағаларды реттеу кезінде қалай толтырамыз соны сұрайын деп едім. Мысалы 10,11 сыныптарда екі тоқсанда бір шығатын бағаны немесе СӨ-ні 1ж/ж,2ж/ж деген жерге қояды, ал 3,4,6,8,9 сыныптарда 1,3 тоқсанға шықпайтын бағаның немес СӨ-нің орнына не қоямыз екен. Есептер - сынып үлгерімін қарайын десем бағалар 1,3 тоқсанға баға немесе СӨ қойылмағандықтан толық көрсетпейтін. Бағалар қойылмаған деп. Жауап бересіз бе? неге 10,11 дікі бөлек қалғандарынікі басқаша

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Серик Доскалиевич Доскалиев!

    Жарты жылдықта қорытылатын сабаққа 1 және 3 тоқсан қорытынды бағаларының орнына, аттестаттаудан босатылған мағынасын білдіретін, БОС сөзін жазу қажет. Ал 2 және 4 тоқсан қорытынды бағалар бағанына жарты жылдық бағалар қойылады.

    10 - 11 сынып оқушыларына жылдық бағаларды қою барысында жарты жылдыққа қойылған бағалар негізге алынады. Сол себепті, 10 және 11 сынып журналдарында 1 ж/ж және 2 ж/ж қосымша бағандары орнатылған. Егер 10 және 11 сыныптарда сабақ барлық тоқсандар бойынша қорытылатын болса, онда 1 және 2 тоқсан қорытынды бағалары есепке алынып 1 ж/ж бағасы, 3 және 4 тоқсан бойынша 2 ж/ж бағасы қойылады. Егер сабақ тек 1 және 2 жарты жылдықта қорытылатын болса, онда 1 және 3 тоқсан қорытынды бағаларының орнына БОС деп жазылады, ал 2 және 4 тоқсанның қорытынды бағалары қойылатын бағандарға жарты жылдық баға қойылады. Бұл жағдайда 1 ж/ж және 2 ж/ж бағандары бос қалады.

    Бірақ соңғы кезекте, жарты жылдыққа бағаның қойылу тәртібін, жалпы білім беру мекемесі ішін-ара келісіммен шешеді.

  • Avatar
    Миржан

    Саламатсыз мейрам кундеріндегі сабақтарды толтыруы бойынша түсінікң бересіз ба?

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Миржан!

    Сабақты болдырмау үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

    * «Ағымдағы апта» (немесе «Толық кезең бойынша кесте») пунктіне басу, болдырмайтын сабақты таңдау және мәзірге түскен қызыл шеңберге («жүруге тыйым салынған» белгісіне) басу;
    * «Сабақты кейінге қалдыру» әрекетін таңдау және, қажет болған жағдайда, болдырмайтын себебін көрсету.

    Болдырмаған сабақ сабақ кестесінде қызыл түспен белгіленіп тұрады; сабақ бойынша жоспарлауында болдырмаған сабақ түспен белгіленеді және курсорды әкелгенде болдырмаған деп көрінеді.

    Сабақ кестесінде болдырмаған сабақтын өңдеу («қарындаш» белгісі арқылы) бөліміне кіріп, қажетті өзгерістерді енгізіп, болдырмаған сабақты қалпына келтіруге болады.

    Кестеде сабақты ауыстыру үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет.

    * өзгертулерді талап ететін сынып кестесін ашасыз. Ары қарай, «Ағымдағы апта» (немесе «Толық кезең бойынша кесте») бөлімінде өңдеу қажет сабақты таңдап, ашылған бетте қарандашқа басу;

    * «Мұғалім» («Кім қатысады») жолында қажетті өзгертулер енгізіп, сабақты ауыстыру/кейінге ауыстыру ретінде белгілеу.

    > Егер «белгілемеу (қатені түзету және т.б.)» нұсқасын белгілеген жағдайда - сабақ ауыстырылған сабақ ретінде ерекшеленбейді, және «Ауыстырылған және кейінге қалдырылған сабақтар журналында» есебінде «ауыстыру/басқа уақытқа қалдыру» әрекеті ескерілмейді.

    * «Сақтау» батырмасын басып, әрі қарай сабақтың ауыстырылу себебін (қажет болса) көрсетіп, сақтауды растау қажет.

    Өңделген сабақ, сабақ кестесінде жасыл түспен ерекшеленеді,

    «Ауыстыру/кейінге ауыстыру ретінде белгілеу» параметрін таңдаған жағдайда сабақ сабақ кестесінде жасыл түспен белгіленеді, сабақтың болдырмауы «Қатыспаған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналы» есебінде тіркеленеді.

    «Белгілемеу (қатені түзету және т.б.)» параметрін таңдаған жағдайда сабақ ауыстырылған болып белгіленбейді, және, сонымен, «сабақты болдырмау» әрекеті мектеп есебінде тіркеленбейді.

    Мереке күндеріне түскен немесе жоғалған сабақтарды, Сіз кестеден мүлде алып тастай аласыз немесе кестеден жойып оны басқа күнге орната аласыз, сонымен қатар «Ауыстыру/кейінге ауыстыру» қызметін пайдалу мүмкіндігі бар.

    Сабақты жою үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

    * сыныптың кестесін ашу қажет - «Толық кезең бойынша кесте»;
    * меңзерді қажетті сабаққа алып келу;
    * «Минус» белгісіне басу;
    * «Сабақты жою» батырмасына басып, сосын «Ия, жою» арқылы растау қажет.

    Жаңа сабақты жасау үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

    * сыныптың кестесін ашу қажет - «Толық кезең бойынша кесте»;
    * меңзерді қажетті ұяшыққа алып келу;
    * «Қосу» белгісіне басып - сабақты қосу.
    * Журналында және күнтізбелік жоспарлау пайда болады, тиісті күннен бастап қосылған сабақтар.

    Егер жоғалған сабақты басқа тақырыппен біріктіріп өткізсеңіз, күнтізбелік жоспарлауға қосуға ұмытып кетпеңіз. Сіз өтіп кеткен күндердің тақырыптарын дәстүрлі қағаз жүзіндегідей журналды басып шығарғанда журналдың оң жағынан көре аласыз.

  • Avatar
    Ануар Уалиханович

    Сәлеметсіздер, менің сұрағым дене шынықтарудан үй тапсырмасы жайында болып отыр. Жаңартылған бағдарлама бойынша берілмейді, ал ескі бағдарламада оқып жатқан сыныптар үшін беруім керек пе? осы сұрақтың жауабын таба алмай қойдым. Егер беретін болсам кунделікке жазуым қажет болғандықтан сұрап отырмы. Жауап береді деген үміттермін. Алдын-ала рахмет!!!

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн,  Ануар Уалиханович!

    Егер оқу бағдарламасы бойынша, ескі бағалау бойынша үй тапсырмасы берілмесе, онда жуйеге үй тапсырмасын бермеңіздер. Яғни, жүйеге тек қана нақты ақпарат енгізу қажет. Жалған ақпаратты енгізуге болмайды.

    Изменено: Алия Искандерова
  • Avatar
    Акмарал Жетписбаевна Баетова

    Саламатсыз ба,!!!! КТЖ толык жылга салу үшін неден бастау керек? менде сабак кестесі 1 тоқсанга ғана шықты, божам күндерін калай аламын?

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Акмарал Жетписбаевна Баетова!


    Қажетті ақпаратты келесі сілтеме бойынша көрсеңіздер болады.  https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/115011386248

    Изменено: Алия Искандерова
  • Avatar
    Алишер Жураевич Эликбоев

    Саламатсыз ба?! Сұрайын дегенім бағалар мен үй тапсырмаларын қалай енгізуге болады. Алдын ала рахмет!

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Алишер Жураевич Эликбоев!

    Сізден team@kundelik.kz сұрағыңызды толықтырып жазып жіберуіңізді сұраймыз.

    Изменено: Алия Искандерова
  • Avatar
    Жанерке Тоқтарбекқызы Баймолдина

    қайырлы түн, импортталған ктжны жариялау үшін қандай функцияларды орындаймын?

  • Avatar
    Жадыра Сиражевна Ахметжанова

    Салеметсизбе, орыс сыныптарында самопознание пәнінен үйге үй тапсырмасы беріледі ме? 5-9 сыныптар арасында

  • Avatar
    Айгерім Нұрғазықызы Аймағанбет

    саламатсыз ба? ҚМЖ ны калай толтырамыз

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Айгерім Нұрғазықызы Аймағанбет!

    Сізден team@kundelik.kz сұрағыңызды толықтырып жазып жіберуіңізді сұраймыз.

    Изменено: Алия Искандерова
  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Жанерке Тоқтарбекқызы Баймолдина!

    КТЖ-ның ішіне кіріп, "КТЖ жариялау" батырмасын басуыңыз қажет.

    Изменено: Алия Искандерова
  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Жадыра Сиражевна Ахметжанова!

    Бұл ақпаратты Сізге Білім Бөлімінің әдіскерлерінен сұрауыңыз қажет болады.

    Изменено: Алия Искандерова
  • Avatar
    Гульсин Жамантаевна Абдрахманова

    Журналға 1 сыныптарға сабаққа түсініктемелерге не жазуға болады?

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Гульсин Жамантаевна Абдрахманова!

    Балалардың үлгерімі туралы түсініктемені қоссаңыздар болады.

    Мысалы: "Жақсы", "Жаман", "Орташа".

    Изменено: Алия Искандерова
  • Avatar
    Ануар Уалиханович Алибаев

    Сәлеметсізбе! 1-сұрағым Дене шынықтырудан "Дене дайындығы" деген бөлімді толтырамын ба? 2-сұрақ: Үй тапсырмасын берілмейтін сыныптарға бос қалдырсам "Журналды жүргізу" және "үй тапсырмасын толтыру" бөлімдеріндегі пайыздық көрсеткішім төмен көрсетіп тұруы мүмкін ба? СІЗДЕРГЕ КӨП РАХМЕТ.

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Ануар Уалиханович Алибаев!

    Сізден team@kundelik.kz сұрағыңызды толықтырып жазып жіберуіңізді сұраймыз.

    Изменено: Алия Искандерова
  • Avatar
    Нурсултан Болатович Сейтов

    КТЖ барлық сыныптарға жазылама

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Нурсултан Болатович Сейтов!

    Ия, барлық сыныптарға, негізігі пәндер бойынша.

    Изменено: Алия Искандерова
  • Avatar
    Арманай Есимханкызы Сагатбекова

    Саламатсыз ба? Есеп құрастыру бөліміне кірсем соңғы своевременное заполнение журнала деген графа -- минус болып тұр. Соны қалай 100% пайызға жеткіземін. Күнделікті үй тапсырмасын беріп сабақ өтілді деп птичка қойып отырмын. Ертесіне сол үйге берілген тапсырманы тексерілді деп жасыл түске де бояп отырмын. Сонда да болмай тұр. Тоқсан соңында сатистикада минус болып тұр соңғы графа. Біз жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ өтеміз. БЖБ,ТЖБ қойылмайтын сабақтарға нұсқаулықтағы сө, сөп деген жазуды міндетті түрде қою керекпіз бе? Қою керек болса дұрыс жолын көрсетсеңіз. Соткамен бжб, тжб балдарын қойғанда қиналамыз. Кейде шатастырып орнын ауыстырып қойып қоямыз. Оны сол мезетте жөндеп қоямыз. Ол түзетуіміз қалай болар екен? Жауап күтемін Рақмет!