Журналды толтыру бойынша ескертпе

Мұғалім журналды толтыру барысында, жүйе параметрі қандай тілде тұрса, журналдағы бағалар (белгілер) сол тілде қойлады. Интерфейс тілін ауыстырғанда, белгілеулер автоматты түрде ауысады. Оқушылардың күнделігіндегі белгілеулер, интерфейсте таңдалған тілге байланысты болады. 

Сабаққа қатысу

Сабаққа қатысуды белгілеу үшін тек келесі таңбалар қолданылады:

  • ж – кіші әріп, дәлелсіз себебінен сабаққа қатыспағанын белгілеу үшін (жоқ деген);
  • д – кіші әріп, дәлелді себебінен сабаққа қатыспағанын белгілеу үшін; 
  • а – кіші әріп, ауыру себебінен сабаққа қатыспағанын белгілеу үшін;
  • к – кіші әріп, сабаққа кешіккендігін белгілеу үшін;

 

Журналдардың қағаз түрлерінің стандарттарына сай, баспа түрде «к» есепке алынбайды, «а» және «д» белгілері «ж» болып ауысады.

Үлгерімі

Үлгерімді белгілеу үшін тек келесі таңбалар қолданылады:

  • бағалардың таңдалған баллдық жүйесінің аясындағы 1-ден n-ге дейін сандары (бұл жерде n = 5,10,12,100);
  • әріптер – бас латын әріптері немесе Америкалық бағалар жүйесінің аясындағы оларға сәйкес сандары;
  • СӨ, СӨП – бас немесе кіші әріптер. Сынақтан өткенін және сынақтан өтпегенін білдіреді. Кез-келген бағалау жүйесінде қоюға болады; 
  • БОС – бас немесе кіші әріптері, аттестаттаудан босатылуды белгілеу үшін. Кез-келген бағалау жүйесінде қоюға болады; 
  • А/Ө – бас немесе кіші әріптерімен, қиғаш сызықпен (/) арқылы аттестаттаудан өтпеуді белгілеу үшін. Кез-келген бағалау жүйесінде қоюға болады.

 Сабақтағы барлық жұмыс түріне, сабақ парақшасында қосымша өңдеусіз, қисық сызық арқылы баға қою мүмкіндігі бар.

 Екі бағаны тақырыптық баға ретінде «Тақ.» графасы мен «Қорытындылар» бағанында қоюға болмайды, тек «Емтихан» бағанына рұқсат етілген.

 Журналда жолдан жолға өту «Enter» пернесін басу арқылы немесе «жоғары» және «төмен» көрсеткіштерін басу арқылы орындалады, ұяшықтан ұяшыққа өту «солға» және «оңға» көрсеткіштерін басу арқылы орындалады.

 

Орташа өлшенген балл

Орташа өлшенген балл – жүйеде автоматты түрде есептелетін оқушының үлгерімінің талдамалы көрсеткіші, ол жалпы санында бағалар қойылған әр жұмыстың салмағын есепке алады.

Орташа өлшенген баллды мектеп электрондық профилінің әкімшісі «Әкімшілік» бөлімі – «Параметрлер» блогында орнатады.

 

_________2017-08-09_14-06-39.png

_________2017-08-09_14-07-01.png

 

Сол бөлімде сабақтағы әр үлгі жұмысы үшін салмақ орнатуға болады, сол арқылы әр түрлі жұмыстардың бір-біріне қатысты маңыздылығы анықталады.

Орташа өлшенген балл оқушының қандай жұмыс түрі үшін баға алғаны есебімен дәлелді білім бағасын береді.

Егер мектепте барлық үлгі жұмыстарының салмақтары 1-ге тең болса, «орташа өлшенген балл» бағаны журналда көрсетілмейді.

 Орташа өлшенген баллды қосу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  • мектепке әкімшілік ету мәзіріндегі «Баға түрлері» бөлімінде «Қосымша параметрлер» қойындысын ашу;
  • қажетті ұяшықтарға белгілер қою;
  • өзгертулерді енгізу үшін «Сақтау» түймешігін басу.

 

_________2017-08-09_14-07-22.png

 

 Орнатылған параметрлер білім беру мекеменің барлық сыныптарына таралады.

Орташа өлшенген баллды есептеуге арналған формула = (бағаларды олардың салмақтарына туындысы) / (осы бағалардың салмақтар қосындысы).

Есептеу үлгісі: Бақылау жұмысы үшін «5» және «4», сабақтағы жауап үшін «3».

Бақылау жұмыстарының салмағы - 10 балл, сабақтағы жауап салмағы - 1 балл.

Орташа өлшенген балл = (5*10+3*1+4*10) / (10+1+10) = 4,43

 Үнсіз келісім бойынша журналдар мен күнделіктерде орташа баллды көрсету параметрі қосылған және орташа өлшенген баллды параметрі жасырылған.

 Егер ББМ жұмыс өлшемдерін қолданбаса (яғни, жұмыс өлшемдері біріңғай – 1 немесе 2 тең болса және т.б.) онда орташа жұмыс ұпайларының ұяшықтары бұғатталады.

 

Комментарии

  • Avatar
    Алтынкуль Нагиметовна Жанашева

    Сәлеметсіз бе? Сізден көмек сұраймын. Мен өзін-өзі тану пәнінен баға қойылмайды. Сондықтан не жазуым керек. Сабақ тақырыбын, үй тапсырмасын қалай толтырамын.

  • Avatar
    Маншук Рзиева

    Қайырлы күн, Алтынкуль Нагиметовна!

    Сіздің электронды поштаңызға жауапты жолдадым. Қосымша сұрақтарыңыз болса, электронды пошта арқылы жауап хатымен бізге жолдаңыз.

  • Avatar
    Гүлмира Қалиолла

    Салеметсиз бе. Осы сұрақтың жауабын маған да жолдай аласыз ба. Алдын ала рахмет.

  • Avatar
    Маншук Рзиева

    Қайырлы күн, Гүлмира Қалиолла!

    Сіздің электронды поштаңызға жауапты жолдадым. Қосымша сұрақтарыңыз болса, электронды пошта арқылы жауап хатымен бізге жолдаңыз.

  • Avatar
    Жулдыз Кенесбаевна Сарсенова

    Сәлеметсіз бе. Біз бұл жүйеге енди көшіп жатырмыз. Сұрақ: Мереке кундеріндегі сабақтар бұйрықпен басқа күнге ауысады, ол қалай болады?

  • Avatar
    Жупар Ишкалова

    Қайырлы күн, Жулдыз Кенесбаевна Сарсенова!

    Сіздің электронды поштаңызға жауапты жолдадым. Қосымша сұрақтарыңыз болса, электронды пошта арқылы жауап хатымен бізге жолдаңыз.

  • Avatar
    Женісбек Абдрашович Эргашeв

    Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер сіздер осы күнделік сайытында кез келген жаңалыққа қол жеткізсеңізде міндетті түрде үйретіңіздерші. Алдын ала рахмет

  • Avatar
    Купеев Ерболат Сексенбекович

    Салеметсізбе! Мен осы бағдарламамен жұмыс жасау керек болды. Бұрын басқа адам жасаған. Енді оның аты жөнін өзіме қарай ауыстырып алуыма болады?

  • Avatar
    Ажар Аргымбаева

    Қайырлы күн, Женісбек Абдрашович!
    Сіздің электронды поштаңызға жауапты жолдадым. Қосымша сұрақтарыңыз болса, электронды пошта арқылы жауап хатымен бізге жолдаңыз.

  • Avatar
    Ажар Аргымбаева

    Қайырлы күн, Купеев Ерболат!
    Сіздің электронды поштаңызға жауапты жолдадым

  • Avatar
    Светлана Казиевна Сугирбаева

    сәлеметсізбе! жарияланып қойған КТЖ-ны қалай жоюға болады? қайтадан КТЖ жасауға болама?

  • Avatar
    Маншук Рзиева

    Қайырлы күн, Светлана Казиевна!

    Егер КТЖ-ны өзгерту қажет болса, онда оны қайтадан жасауға қажет емес. Оны жариялаудан алып тастау керек, сосын бастаулық мәртебесінде КТЖ-ны өзгерте аласыз және жаңадан жариялайсыз.
    Жарияланған КТЖ-ны мектеп әкімшісі ғана жариялаудан алып тастай және жоя алады. Сіздің электронды поштаңызға мектеп әкімшісіне толық нұсқаулық жіберілген. Мектеп әкімшісі КТЖ-ны жариялаудан алып тастағаннан кейін, Сіз бастаулық мәртебесінде КТЖ-ны реттей аласыз: сағат санын өзгерту үшін - қарындаш белгісіне басу тақырыптарды жалғастыру немесе жою үшін - КТЖ-ның үстіне басу.
    КТЖ-ны оқу жылдын ішінде толтыруға дұрыс емес. КТЖ-ны толтырмауға өтінеміз, себебі егер сабақ кестеде өзгерістер болса немесе сағат саны өзгерсе, онда КТЖ-ны қайтадан жариялау керек. Сондықтан КТЖ-ны толтырғанда **тақырыптарды толық оқу жылына** толтыру керек. Егер Сізде Сабақ бойынша жоспарлауында тақырыптар алдынан толтырылған болса, онда КТЖ-ны жариялағанда сабақ бойынша жоспарлау деген жерде толтырылған тақырыптар жойылады. Сондықтан КТЖ-ны оқу жылдын басында толтыру керек. Мысалы, КТЖ-ны толық оқу жылына толтырып қойғансыз (95 сағат), 1-3 тоқсандарына, сабақ кестесі бойынша үлестіріп, тақырыптарды жариялап қойғансыз, Сізде тағы 15 сағат 4 тоқсанға қалған болып тұр. 4 тоқсанға сабақ кестесі дайын болғанда қалған сағаттарды, сабақ кестесі бойынша үлестіресіз.
    КТЖ толтыру - ол міндетті емес, ол - тек сабақ бойынша жоспарлау деген бөлімді толтыру үшін қосымша функциясы. Ал негізі, сабақ бойынша жоспарлау деген бөлімде сабақ тақырыптарын, үй тапсырмаларын толтыру керек, тек ол міндетті.

    КТЖ толтыру туралы толық нұсқа https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/235549207. КТЖ-ны тез толтыру үшін осы оқу жылынын аяғында Сабақ бойынша жоспарлау деген бөлімінен толық жылға сабақ тақырыптарды, үй тапсырмаларды КТЖ-ға көшіруге болады, сосын келесі оқу жылында көшірілген дайын КТЖ-ны пайдалануға.

    Изменено: Маншук Рзиева
  • Avatar
    Oscar

    Саламатсыз. Неге ктж алып тастау үшін әкімшілікке барып алдыртуымыз керек? Неге жай мұғалім өзі алып тастай алмайды? Мұғалім өзі алып тастай алатын функцияны қосыңызды өтінемін.

  • Avatar
    Ажар Аргымбаева

    Қайырлы күн, Oscar!

    Жарияланған КТЖ-ны тек мектеп әкімшісінде ғана жоюға қолжетімділік бар, өйткені КТЖ ресми құжат болып табылады, ол оқу жылының басында білім беру ұйымының әкімшілігімен бекітіледі. Сіздің ұсынысыңыз әзірлеушілерге талдауға жіберілді.

  • Avatar
    Бибигул Шараповна Касымбаева

    Құрметті Маншук Рзиева. саламатсыз ба? Үй тапсырмасы кестесін толтыру керек деп жатырсыз бірақ биылғы 2016-17 оқу жылынның 1 сыныптары үшін жылдың соңына дейін үй тапсырмасы берілмейді. Бұл турал Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары» қағидаларына сәйкес «Пән оқытушысы сынып журналына деректерді енгізіп, үй тапсырмаларын орындау мүмкіндігін ескере отырып, оқушыларға үй тапсырмаларын береді. Үй тапсырмаларын орындау үшін ұсынылатын уақыт "" дегенде 1 сынып үй тапсырмасы көрсетілмеген. Қай бағытты ұстанамыз енді?

  • Avatar
    Маншук Рзиева

    Қайырлы күн, Бибигул Шараповна!

    Егер сабақта үй тапсырмасы берілсе, онда үй тапсырмасын жүйеде толтыру керек. Үй тапсырмасы берілмесе, онда толтырмайсыз. Тура қағаз журналда сияқты. Мысалы, дене шынықтыру бойынша үй тапсырмасы берілмейді ғой, пән оқытушысы үй тапсырмасын еңгізбейді.
    Бірінші сыныпқа үй тапсырмасы берілмейді екенін ол туралы біз білеміз. Бірінші сыныптарға үй тапсырмасын толтырыңыз деп ондай талап етпегенбіз. Дұрыс, үй тапсырмасы бірінші сыныптарға берілмейді. Бірінші сыныптарда мұғалімдер Үй тапсырмасы деген бағанды бос қалдырады.
    Әрбір сабақта келесі көрсетілген шарттардан ең болмағанда бір шарт қабылданса, министрлік есебінде Ведение планирования деген көрсеткіші бойынша 100% болады. Шарттар: 1. сабақта сабақ тақырыбы бар; 2. сабақта үй тапсырмасы бар.

    Изменено: Маншук Рзиева
  • Avatar
    Калима Аманбаевна Рахимбердиева

    Салеметсізбе. Күнтізбелік жоспарлауды өшіруге бола ма? Қайта жазайын деп едім?

  • Avatar
    Маншук Рзиева

    Қайырлы күн, Калима Аманбаевна!

    Мектеп - КТЖ деген бөлім әлде Мектеп-Журналдар - қасындаға Күнтізбелік жоспарлау деген бөлім туралы сұрақ туындап жатыр ма?
    Сіз Мектеп - Журналдар - қасындағы Күнтізбелік жоспарлау деген қойындысын басып, күнтізбелік жоспарлауды толтырған болсаңыз, онда тақырыптарға басып, тақырыптарды жою немесе реттей аласыз. Үй тапсырмасының жолындағы көз немесе қарындаш белгілеріне басып, үй тапсырмасын реттей немесе жоя аласыз.

    Мектеп - КТЖ деген бөлімде КТЖ-ны жою үшін алдымен жариялаудан алып тастау керек. КТЖ-ны мектеп әкімшісі ғана жариялаудан алып тастай алады. Егер КТЖ жарияланған болмаса немесе КТЖ-ны мектеп әкімшісі жариялаудан алып тастағаннан кейін, онда Бастаулық мәртебесінде (статус Черновик), Сіз қасындағы крест белгісіне басып, КТЖ-ны жоя аласыз. Ал немесе, КТЖ-ны жоймай, бастаулық мәртебесінде, тақырыптарды жалғастырып, сағат санын парметрлерінде өзгертіп, Сіз КТЖ-ны реттей аласыз.

    КТЖ - ол Күнтізбелік жоспарлау деген бөлімді толтыру үшін қосымша функциясы. Жалпы, КТЖ-ны толтыру міндетті емес. Егер Күнтізбелік жоспарлауды толтырсаңыз, онда КТЖ-ны толтырмауға әрі жарияламауға ұсынамыз. Себебі КТЖ-ны жариялағаннан кейін, КТЖ-ны сабақ кестесіне үлестіргеннен кейін Күнтізбелік жоспарлауда тақырыптар КТЖ-ның тақырыптарына алмасып кетеді. КТЖ-да сағат саны жетпесе, онда Күнтізбелік жоспарлауда тақырыптар орыны бос және басылмайтын өрістерге алмасып кетеді. Сондықтан егер КТЖ-ны толтырсаңыз, онда толық оқу жылына толтыру қажет.

  • Avatar
    СШ.Б.Колдасбаева

    Сәлеметсізбе, Ажар! Мерекелік күндерге қалай баға қоямыз? Айтып жіберіңізші

  • Avatar
    Ажар Аргымбаева

    Қайырлы күн, СШ.Б.Колдасбаева!

    Мерекелік күндерге түскен сабақтарды Сізге басқа күндерге (бос ұяшықтарға) қосу қажет. Ол үшін кестені ашып, "Толық кезең бойынша сабақ кестесін," сабақ кестесінде курсорды керекті ұяшықтарға әкеліп қосу белгісіне басып, сабақтарды басқа күндерге қосу қажет.

    Ал мейрам күндерін белгілеу керек. Ол үшін әкімшілік ету бөлімінен "Есептік кезеңдер" пунктіне басу, есептік кезеңді және "Мерекелік күндер" қойындысын таңдау.
    Осы жерде мейрам күндерді тінтуір арқылы шертіп белгілеу керек. Сонда сабақ кестесінде сабақ өтетін күндер мереке болып тұрады.
    Ал сабақ бағаларын басқа күнге ауысқан күнге қоя аласыздар.

    Изменено: Ажар Аргымбаева
  • Avatar
    Рауан Муратовна Бердеева

    саламатсызба?ата ана тізііи екі рет салынған жағдайда біреуін қалай өшіруге болады?

  • Avatar
    Рауан Муратовна Бердеева

    яғни ата ана тізімі екі рет импортталғанда

  • Avatar
    Ажар Аргымбаева

    Қайырлы күн, Рауан Муратовна!

    Бұл жағдайда Сізге келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

    * "Мектеп" - "Менің мектебім" - "бұранда кілт" белгісіне басу қажет;
    * "Адамдар" бөлімінде "Адамдар тізімі" тармағын таңдау қажет;
    * екі рет импортталған ата-ананы тауып алу қажет;
    * аты-жәніне қарама-қарсы "карандаш" белгісіне басу қажет;
    * "Балалар" қойындысында баланың аты-жөніне қарама-қарсы "крестик" белгісіне басып байланыстыруды жою қажет.

    Бұл қадамдарды әр екі рет тіркелген ата-анамен орындау қажет.

    *Жобаға назар аударғаныңызға алғыс білдіреміз!*

  • Avatar
    Маннапов Бахтжан Маммаджанович

    Саламатсызба маған тақырып және берілген тапсырманы қалай толдырамын baxtjan1990@mail.ru

  • Avatar
    Ажар Аргымбаева

    Қайырлы күн, Электронного Профиля!
    Сіздің электронды поштаңызға жауапты жолдадым

  • Avatar
    Айнагуль Шамилевна Жакибаева

    Саламатсыздар ма сабақ кестеге жазылып қойған пән атауын қалай өшіріп , басқа пән атауын енгізуге болады?

  • Avatar
    Маншук Рзиева

    Қайырлы күн, Айнагуль Шамилевна!

    Сіздің электронды поштаңызға нұсқаулық жіберілді. Қосымша сұрақтарыңыз болса, электронды пошта арқылы жауап хатымен бізге жолдаңыз.