Қатынасты қалай қалпына келтіруге болады?

Жүйеге кіру деректерін қалпына келтірудің бірнеше амалдары бар:

  • Пайдаланушы «Күнделік» ААЖ жүйесіне кіруге арналған деректерін өзі қалпына келтіре алады (егер пайдаланушы профилінде email мекенжайын растаған болса)
  • Пайдаланушы, деректерді қалпына келтіру үшін, білім мекемесінің әкімгеріне немесе пайдаланушы аты мен құпиясөзді берген қызметкерге хабарлауы қажет.

Ескерту: пайдаланушы аты мен құпиясөзді ұмытқан жағдайда да, қатынасты қалпына келтіруге болады.

Жүйеде деректерді өз бетінше қалпына келтіру үшін келесі әрекетті орындау қажет:

  • келесі мекенжай бойынша сайтқа өту: https://kundelik.kz/;
  • «Кіру» батырмасын басу;

 

 

  • «Қатынасты қалпына келтіру» сөзіне басу;

 

 

  • қажетті нұсқаны таңдау:
    • «Пайдаланушы атымды ұмыттым»;
    • «Құпиясөзді ұмыттым»;
    • «Пайдаланушы атым мен құпиясөзді ұмыттым».

 

Пайдаланушы аты жоғалған жағдайда не істеу қажет?

Бұл жағдайда ақпаратты алу үшін «Пайдаланушы атымды ұмыттым» нұсқасын таңдап, келесі өрістерді толтыру қажет:

  • email;
  • туылған күн;
  • суреттегі сандар;

«Әрі қарай» батырмасын басу.

Енгізілген туған күн сәйкес келген жағдайда ғана көрсетілген email мекенжайына пайдаланушы аты жіберілетін болады.

 

 

Құпиясөз жоғалған жағдайда не істеу қажет?

Бұл жағдайда ақпаратты алу үшін «Құпиясөзді ұмыттым» нұсқасын таңдап, келесі өрістерді толтыру қажет:

  • пайдаланушы аты;
  • суреттегі сандар.

Email мекенжайына құпиясөзді қалпына келтіру үшін сілтеме жіберіледі, сол сілтемемен өту қажет болады. Содан кейін ашылған терезеде екі өріске жаңа құпиясөз енгізіледі.

 

 

Пайдаланушы аты мен құпиясөз жоғалған жағдайда не істеу қажет?

Бұл жағдайда ақпаратты алу үшін «Пайдаланушы атым мен құпиясөзді ұмыттым» нұсқасын таңдау қажет:

  • қалпына келтіру тәртібі «Пайдаланушы атымды ұмыттым» тарауымен бірдей;
  • қалпына келтіру жолы «Құпиясөзді ұмыттым» жағдайымен бірдей.

Комментарии

  • Avatar
    Газиза Койшегулова

    Қайырлы кеш сәлеметсізбе. мен сізден қатынасты қалпына келтіруге өтіңіш жазған едім сіз маған 5 күннен кейін құпиясөз жіпердіңіз бірақ сіз жіперген құпиясөзде сәйкес келмейді.Бұл қателігіңізді дұрыстауыңызды сұраймын.
    ФИО-Борашева Ляззат Радикқызы
    почта-gazizakoishegulova@gmail.com

  • Avatar
    Маншук Рзиева

    Қайырлы күн, Газиза Койшегулова!

    Сіздің электронды поштаңызға хат жіберілді. Жауапты күтеміз.

  • Avatar
    Бахыт Шайхсламовна Мырзамуратова

    Саламатсызба
    менің сізден өтінішім құпия сөзді қайта қалпына келтіре алмай отырмын. Мен құпия өз таңдау кезінде таңдаған құпия сұрақ жауабында ұмытып қалыппын. Көмектесіңізші

  • Avatar
    Бахыт Шайхсламовна Мырзамуратова
  • Avatar
    Ажар Аргымбаева

    Қайырлы күн, Бахыт Шайхсламовна!

    Сіздің электронды поштаңызға хат жіберілді.

  • Avatar
    Зульфия Иргалиева

    Добрый день. как восстановить пароль? и имя пользователя. система пишет что письмо отправлено . но его нет

  • Avatar
    Жупар Ишкалова

    Добрый день!

    Вам выслано письмо на Ваш электронный адрес.

  • Avatar
    Улжалгас Аманкуловна Назаркулова

    Саламатсызба? Менің сұрайын дегенім, менде 11ә ашылмай жатыр. Ошибка сервер деп, басқа сыныптар ашылып жатыр тек осы 11ә ашылмай жатыр. Ол неден? сұрағыма жауап берсеңіз

  • Avatar
    Алмагүл Асқарқызы Нарымбаева

    Саламатсыздарма! менің мектебімнің сыныптары 2018-2019 оку жылына ауысып кеткен. енді оны қалай қалпына келтіремін? тездетіп айтып жибересіздерме? kurman87@mail.ru га ответ жиберуге болады

  • Avatar
    Каламкас Абаевна Гильмуханова

    Сәлеметсізбе! Менің сұрайын дегенім, мен әкімгер яғни админстратормын кірейін десем кіре алмай отырмын. Жалпы өз мектебіме. өзгертетін қызметкерлерім бар еді.
    Каlamkas_87ark@mail.ru почтасына жауап жіберуіңізге болады.

  • Avatar
    Жупар Ишкалова

    Қайырлы күн, Улжалгас Аманкуловна!

    Кестедегі қателік бойынша, келесі қадамдарды жасау қажет:

    * **Мектеп- Менің мектебім** - бұранда кілт арқылы өтіңіз;
    * **Сыныптар** блогында **Сыныптар тізімі** бөлімін таңдау қажет;
    * кесте ашылмай қалған сыныпты таңдап, ашасыз;
    * сынып профилінде **Өңдеу** қойындысын ашып, *Есептік кезеңдер* жолында қажетті кезеңді көрсетесіз.

  • Avatar
    Жупар Ишкалова

    Қайырлы күн, Алмагүл Асқарқызы!

    Егер сыныпты екі оқу жылына алға қателікте көшірген болсаңыз және сынып келесі оқу жылында көрсетілген болса, онда Сізге келесі нұсқаулық арқылы іс-әрекеттерді жасау керек:

    * «Әкімшілік ету» бөліміне кіріңіз – «Сыныптар тізімі» пунктіне өтіңіз;
    * көрсеткіш арқылы келесі оқу жылына (мысалы, 2017-2018) өтіңіз;
    * қателікте көшірілген сыныптың атауына басыңыз және «Қарап шығу» қойындысында «Мұрағатқа өткізу» пунктіне басыңыз. Көшіруні растаңыз;
    * әрі қарай, сол сыныптың «Оқушылар» қойындысына кіріңіз – «Сыныпта болды» пунктіне басыңыз.

    Сыныпта болған оқушылар осы жерде көрсетіледі.

    Оқушыларды жеке-жеке қалпына келтіруге қажет (оқушының баптауларында («қарындаш» белгісіне әлде толық аты-жөніне басу арқылы) «Қарап шығу» қойындысында «Қалпына келтіру» деп басу. Егер қажетті сынып таңдалмаса, онда «Сыныптар тізімінде» қосу белгісі арқылы керекті сыныпты жасау керек.)

  • Avatar
    Жупар Ишкалова

    Қайырлы күн, Каламкас Абаевна!

    Сіздің электронды поштаңызға хат жіберілді.