Бағаларды, ҮТ және кестені қалай қарауға болады?

Оқушыға оқу ақпаратына өту үшін экранның жоғарғы бөлігіндегі шарлау жолағында «Мектеп» бөлімін таңдау қажет.

 

1.png 

 

Ата-анада осы шарлау жолағында «Балалар» бөлімі болады. Осы сілтемеге басқан кезде ол оның профилімен байланысқан барлық оқушылар жиналған бетке өтеді. Осы екі рөлі бар пайдаланушылардың үлгерімі туралы әрі қарай ақпаратты көру тура осындай.

 

2.png

 

Бағалар / қатысу белгісі

Бағаларды көру келесі жерде қолжетімді:

  • «Мектеп» / «Күнделік» (оқушы профилі үшін) бөлімінде;
  • «Балалар» / «Күнделік» (ата-ана профилінде) бөлімінде.

 

3.png

 

«Күнделік» сілтемесі бойынша келесі мүмкіндіктер қолжетімді:

  • күнделік (үнсіз келісім бойынша ағымдық апта үшін сабақтар, бағалар және ҮТ туралы ақпарат);
  • статистика (осы есептік кезеңдегі оқытылатын пәндер бойынша әр түрдің бағалар саны және оң бағалардың пайызы);
  • пәндер бойынша (сүзгіде таңдалған пән және есептік кезең бойынша барлық бағалар туралы жинақ ақпарат);
  • семестрлер/тоқсандар/триместрлер бойынша (белгіленген есептік кезеңде өтілетін пәндер бойынша барлық бағалар және сабаққа қатыспау туралы жинақ ақпарат);
  • қорытынды (қазіргі уақытта қойылған барлық қорытынды бағалардың жинақ тізімдемесі).

Ескерту: сабаққа қарама-қарсы тұрған жасыл төртбұрыш сабақта қатысқанын білдіреді. Сондай-ақ оқушының сабаққа қатысуының келесідей белгілері болуы мүмкін:

  • «ж» – дәлелсіз (белгісіз) себеппен қатыспау;
  • «д» – дәлелді себеппен қатыспау;
  • «а» – ауыру себебінен қатыспау;
  • «к» – сабаққа кешігу.

Оқушы күнделігінің парақшасынан таңдалған үй тапсырмаларын қарау және үй тапсырмасының нөмірін басу арқылы ҮТ парақшасына жылдам өту қолжетімді.

 

Үй тапсырмалары

Үй тапсырмалары келесі жерлерде қолжетімді:

  • «Мектеп» / «Үй тапсырмалары» бөлімінде (оқушы профилінде);
  • «Балалар» / «Үй тапсырмалары» бөлімінде (ата-ана профилінде).

Үй тапсырмаларын қарау үшін келесі ақпараттарды көрсету қажет:

  • оқу жылы;
  • пән (қалған талаптарға сай келетін барлық ҮТ-ларын қарау үшін «барлығы» параметрін орнатуға болады);
  • орындау мерзімі.

«Көрсету» түймешігін басудан кейін іздеу параметрлеріне сай келетін барлық ҮТ-лары келесі деректерімен көрсетіледі:

  • берілген тапсырманың қысқаша сипаттамасы;
  • пән;
  • оқушының жалпы білім беру ұйымының атауы;
  • осы тапсырманың берілген күні;
  • тапсырманың соңғы жаңартылған күні;
  • тапсырманың орындалу күйі.

 

4.png

 

Үй тапсырмасы парақшасына өту үшін бірінші бағанда осы тапсырманың атауын басу қажет. Үй тапсырма парақшасында тапсырма туралы толық ақпарат және файл (мұғалім оны тіркеген болса) көрсетіледі.

Ескерту: егер мұғалім ҮТ жасау кезінде «Нәтижесі бар файл қажет» параметрін орнатқан болса, тапсырманы сәтті тапсыру үшін оқушы тапсырманы орындау нәтижесін электрондық түрде жіберуі тиіс. Үй тапсырмасының парақшасында пайдаланушыға файлды жіберу формасы қолжетімді болады.

Үй тапсырмаларының келесі күйлері бар:

  • «Берілді»- мұғалім ҮТ берді;
  • «Тексерісте»- оқушы ҮТ тапсырды, бірақ мұғалім оны әзірше тексерген жоқ;
  • «Орындалды» - ҮТ сәтті орындалды.

 

Сабақтар кестесі

Оқушының сабақтар кестесі келесі жерлерде қолжетімді:

  • «Мектеп» / «Кесте» бөлімінде (оқушы профилінде);
  • «Балалар» / «Кесте» (ата-ана профилінде).

«Кесте» бөлімінде оқу апталары арасында өту үшін «оңға» / «солға» бағдарларын пайдалануға болады.

«Қоңыраулар» қойындысында таңдалған оқушы үшін нақты қоңыраулар кестесі көрсетіледі.

 

5.png

 

Комментарии

  • Avatar
    Базаркул Турлыбековна Дуйсенбекова

    156 ЖББ мектеп окушылар кундел1к т б керек

  • Avatar
    Ажар Аргымбаева

    Қайырлы күн, Базаркул Турлыбековна!
    Сізге толық жауапты эл.поштаңызға жібердік.

  • Avatar
    Гулдаурен Сатыбалдиевна Ауелбаева

    Сәлеметсіз бе? Кесте де қате жібердім қалай өзгертуге болады?

  • Avatar
    Жупар Ишкалова

    Қайырлы күн, Гулдаурен Сатыбалдиевна!

    Сізге толық жауапты эл.поштаңызға жібердік.

  • Avatar
    Жадыра Койшыбековна

    саламатсызба.барлық мұғалімді қалай админ кылуға болады?

  • Avatar
    Маншук Рзиева

    Қайырлы күн, Жадыра Койшыбековна!

    Әкімшілік құқықтарын (админ немесе редактор) жобаның қолданушылары болып табылатын мұғалімдерге ғана беріледі (Жобаның қолданушысы - бұл жүйеге өз пайдаланушы аты мен құпиясөз арқылы кем дегенде бір рет кірген, регистрациялық қадамдарды өткен тұлға). Жаңа әкімшіні тағайындау үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:
    * «Әкімшілік ету» бөлімінде «Адамдар тізімі» сілтемесін таңдау;
    * «Іздеу» функциясын қолдана отырып, әкімші құқығы берілетін қызметкердің Толық аты-жөнін табу;
    * мұғалімнің жеке деректерін өңдеу режиміне өту үшін Толық аты-жөніне немесе Толық аты-жөнінен қарама-қарсы белгісіне басу;
    * «Жеке деректер» қойындысын ашу;
    * ашылған беттің төменгі оң бұрышында орналасқан «Әкімшілік құқықтар» блогында қызметкерге берілетін құқықты қанат белгісімен белгілеу - Әкімші немесе Редактор;
    * өзгерістерді «Сақтау».
    Біз мектепте 3-5-тен көп емес әкімшіні тағайындауға ұсынамыз.
    "Редактор - Адамдар (толық қатынас)" құқықтарды тағайындасаңыз, онда ол адамдарды жүйеге импорттай алады (оған "Адамдар" блогы қолжетімді болады), "Редактор/Сыныптар (толық қатынас)" - сыныптарды жасай/көшіре/өңдеу/жоя алады (оған "Сыныптар" блогы қолжетімді болады), "Редактор-аңықтамалықтар" - "Аңықтамалықтар (толық қатынас)" блогы қолжетімді болады. "Редактор - Ү/Т және бағалар (толық қатынас)" - мұғалім барлық сыныптарға бағаларды қоя/өзгерте алады және Ү/Т бере/өзгерте алады. Редактор құқықтары берілген адам сәйкес блоктардан жұмыс жасай алады.

    Изменено: Маншук Рзиева
  • Avatar
    Бахыт Шайхсламовна Мырзамуратова

    Саламатсызба
    Менің сізден сұрағым келген сұрағым Есептер кезеңіндегі Үлгірім көрсеткішінде Сынып жетекшісне деген бөлімде орналасқан кестеге үздік оқушылардың, "4" - ке оқитын оқушылардың т.б. аты - жөнін қалай енгіземіз?
    екінші сұрағым сол жердегі төмегі ОЖЖ деген қандай пайыз соны толық түсіндіріп айтып бере аласызба?
    bahyt_78@mail.ru

  • Avatar
    Ажар Аргымбаева

    Қайырлы күн!

    Сізге толық жауапты эл.поштаңызға жібердік.

  • Avatar
    Айнагуль Дусенгалиевна Жамантаева

    Саламатсызба суммативти багаларды калай карауга болады

  • Avatar
    Айнагуль Дусенгалиевна Жамантаева

    менде мектеп емес балалар деген болим

  • Avatar
    Жупар Ишкалова

    Қайырлы күн, Айнагуль Дусенгалиевна!

    Өкінішке орай, 1 сынып оқушыларына қойылатын суммативті бағалар тек мұғалімдерге ғана қол жетімді. Суммативті бағалар уақытша ата-аналар мен оқушылардың жеке парақшасында көрінбейді.

  • Avatar
    Қосарал орта мектебі

    Қайырлы күн баршаңызға! Менің бір сауалым бар еді! Бір ата-анаға бірнеше баланы қалай кіргізуге болады? соны түсіндіріп жібере аласыздарма? 87013531573 телефон номерим! Алдын-ала рахмет!

  • Avatar
    Ажар Аргымбаева

    Қайырлы күн!
    Ата-анаға бірнеше балаларын тіркелуге болады (ата-ананың бір профиліне), сондай-ақ ата-ана мұғалім де, директор де, әкімші де бір профильден бола алады.
    Егер бір жанұядан ата-ананы жүйеге импорттап қойған болсаңыз және оның екінші, үшінші баласы басқа сыныптарда оқып жүрсе, онда сол ата-ананы қайтадан импорттауға керек емес.
    Егер бір ата-анада бірнеше балалары болса, онда барлық балаларын оның бір профиліне байланыстыру керек. Ол үшін келесі әрекеттерді жасаңыз:

    - адамдар тізімінен керек баланы тауып (оқушылар пунктінен), оның аты-жөніне немесе аты-жөнінен қарама-қарсы орналасқан қарындашқа басып, «Туысқандар» деген соңғы қойындысын ашу;
    - осы жерде «Туысқанды қосу» деген батырмасы бар, осыған басу;
    - ашылған бетте "Сіздің мектебіңізден" нұсқасын таңдау;
    - ашылған бетте ата-аналар пунктінен немесе қызметкерлер\мұғалімдер пунктінен оқушының ата-анасын табу.
    - Оны таңдау үшін оның Толық аты-жөніне басу;
    - ашылған бетте ата-ана оқушыға кім болатын екен көрсету және ең астында «Байланыстыру» деген батырмасына басу,

    Осылай бірнеше балаларының параметрлеріне кіріп, «Туысқандар» қойындысын ашып, әрбір баласын ата-анаға байланыстырасыз.

    Туысқанды баланың профилінен қосқанда бірнеше тәсілі беріледі:

    - «Жаңа пайдаланушы» - жүйеде жаңа пайдаланушыны жасауды көздейді;
    - «Сіздің мектебіңізден» - мектебіңіздің адамдар тізімінен туысқанды таңдау;
    - «Басқа мектептен» - жүйеде барлық пайдаланушылардан адамды (тегі, аты, логині арқылы) іздеу.

  • Avatar
    Қосарал орта мектебі

    Саламатсыздарма! Менің тағы да бір сұрағым бар еді? Мазалағаныма кешірім сұраймын! ҰБТ және МҚК тапсырушылардың тізімдері дегенге кірсем оқу жылы 2016/2017 еніп тур, Емтихан типі еніп тұр. тек сынып шықпайды. соны түсіне алмай отырмын. айтып жібересіздерме?

  • Avatar
    Ажар Аргымбаева

    Қайырлы күн!

    Бұл мәселе бойынша біздің электрондық поштамызға team@kundelik.kz жүйеде орындаған қадамдарыңызды жазып жіберуіңізді өтінеміз.

    Берілген ақпарат мәселені тез шешуге көмек көрсетеді.

  • Avatar
    Айдана Сансызбайқызы Орынбай

    Саламатсызба! Оқушыларды қалай тіркейді?

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Айдана Сансызбайқызы Орынбай!

    Оқушыларды импорттау керек: https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/115011280808

  • Avatar
    Асел Сериккызы Абен

    Добрый день. Как мне прикрепить своего ребенка к моему профилю. Он в был прикреплен в начале, могла видеть баллы, потом связи нет и соответственно раздела дети на главной странице

  • Avatar
    Маншук Рзиева

    Добрый день, Асел Сериккызы Абен!

    Пожалуйста, напишите нам на адрес team@kundelik.kz ФИО ребенка, название/адрес школы, Ваш логин.