Пайдаланушы аты деген не және оған қандай талаптар қойылады?

Пайдаланушы аты – ретті таңбалардан тұратын (6 мен 20 таңба арасында) «Күнделік» ААЖ-не кіруге арналған жеке атау. Әр пайдаланушы жеке профиль параметрлерінде пайдаланушы атын тек бір рет өзгерте алады.

Пайдаланушы атына келесідей талаптар қойылады:

  • пайдаланушы аты әріптен басталып, ұзындығы 6 таңбадан кем және 20 таңбадан аспауы тиіс;
  • пайдаланушы атын жасау кезінде тек латын әріптерін, сандарды, сызықша (-), астын сызу (_) таңбаларын және нүктені (.) қолдануға болады;
  • @ таңбасын қолдануға болмайды;
  • пайдаланушы атында бос орын қалдыруға болмайды;
  • пайдаланушы аты нүктемен аяқталмауы тиіс.

  Пайдаланушы атын кез-келген әріп тіркелімінде енгізуге болады (PETROV, petrov және PeTrOv - бірдей пайдаланушы аты болып табылады).

Пайдаланушы атын қалай өзгертуге болады?

Пайдаланушы аты өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  • тіркелгінің «Параметрлер» мәзіріне өту (шарлау жолағындағы ТАӘ басып, «Параметрлер» бөлімін таңдау);
  • жеке параметрлер бетінде «Пайдаланушы аты мен құпиясөз» қойындысын ашу;
  • ағымдық пайдаланушы атына қарама-қарсы тұрған «Өзгерту» сөзін басу;
  • жаңа пайдаланушы атын енгізіп, ағымдық құпиясөзді енгізу арқылы оның өзгерісін растау;
  • «Сақтау» батырмасын басу.

 

11.png

Комментарии