Қалай тіркелуге болады (оқушыға, ата-анаға, қызметкерге)?

«Күнделік» жүйесінде тіркелу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  • жалпы білім беру ұйымының (бұдан әрі – мектептің) қызметкерлерінен тіркелу үшін пайдаланушы аты мен құпиясөзді алу;
  • келесі мекен-жай бойынша сайтқа өту: https://kundelik.kz/;
  • «Кіру» батырмасын басу;

 

 

  • сәйкес өрістерде тіркелу үшін алынған пайдаланушы аты мен құпиясөзді енгізу;

 

  

  • ашылған тіркелу парақшасында жеке ақпаратты тексеру қажет;

 

7.png

 

Ескерту: егер жеке деректеріңізде қателіктер жіберілген болса, түзету үшін білім беру мекемесіне хабарласу керек. 

  • енгізу керек:
    • электронды пошта мекен-жайын;
    • құпия сөз және құпия сұрақ жауабын, пайдаланушы аты мен құпиясөзді қалпына келтіру үшін аккаунтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларында;

 

8.png

 

Ескерту: тіркелу барысында Сізге қолжетімді нақты email және телефон нөмірін көрсеткен дұрыс.

  • әрі қарай ААЖ «Күнделік» жүйесіне кіру және аккаунтты белсендіру үшін пайдаланылатын жаңа құпиясөз ойлап тауып, енгізу керек.

 

10.png

 

Комментарии

  • Avatar
    Бактыхан Жумахановна Оразбаева

    Тіркелген ата- ана 2(3) балаға "Жүйеде тіркелген" деп шығады. 2 балаға 1 ата- ананы қалай тіркейміз?

  • Avatar
    Жупар Ишкалова

    Қайырлы күн, Бактыхан Жумахановна!

    Ата-анаға бірнеше балаларын тіркелуге болады (ата-ананың бір профиліне), сондай-ақ мұғалім де, директор де, әкімші де бір профильден ата-ана ретінде бола алады.

    Егер бір ата-анада бірнеше балалары болса, онда барлық балаларын оның бір профиліне байланыстыру керек. Ол үшін келесі әрекеттерді жасаңыз:

    * адамдар тізімінен керек баланы тауып (оқушылар пунктінен), оның аты-жөніне немесе аты-жөнінен қарама-қарсы орналасқан "қарындашқа" басып, "Туысқандар" деген соңғы қойындысын ашу;
    * осы жерде "Туысқанды қосу" деген батырмасына басу;
    * ашылған бетте Ата-аналар пунктінен немесе Қызметкерлер\Мұғалімдер пунктінен оқушының ата-анасын табу. Оны таңдау үшін оның Толық аты-жөніне басу;
    * ашылған бетте ата-ана оқушыға кім болатын екен көрсету және ең астында "Байланыстыру" деген батырмасына басу.

    Осылай бірнеше балаларының параметрлеріне кіріп, "Туысқандар" қойындысын ашып, әрбір баласын ата-анаға байланыстырасыз.