«Белсенділік бақылауы» есебі бойынша белгілі сұрақтар

Құрметті әріптестер

«Белсенділік бақылауы» есебі бойынша ең белгісі сұрақтар мен жауаптар жинағын әзірледік.

1. Ата-аналар мен оқушаылардың жүйеге кіру жиілігін бақылау қажет пе?

Жауап: Жоқ, қажет емес. Ата-аналар мен оқушыларды жүйеге күнделікті кіруге мәжбүрлеу қажет емес.

Пайдаланушыларға жүйеге тіркелуге пайдаланушы аты мен құпия сөз ұсынылу қажет, себебі барлық пайдаланушылар электронды жүйеге қолжетімділікке ие болуы қажет. Келешекте, ата-аналар мен оқушылардың жүйеге кіруі өз бетінше болуы қажет.

2. «Бағдарламаны орындау» көрсеткішін көтеру үшін, «бос» үй тапсырмаларын құрудың қажеті бар ма?

Жауап: Жоқ, жүйеде жоқ үй тапсырмаларын құру талап етілмейді, одан басқа, тыйым салынады.

Сабаққа үй тапсырмасы берілмейтін болса, бірақ «Күнтізбелік жоспарлауда» сабақ тақырыбы көрсетілген болса, онда «Бағдарламаны орындау» көрсеткіші орындалған болып саналады.

3. Көрсеткіштерді көтеру мақсатында қызметкерлер ата-ана мен оқушылардың атынан кіру міндетті ме?

Жауап: Жоқ. Ата-аналар мен оқушылардың деректерімен кіру үзілді-кесілді дұрыс емес. Бұл жолмен мектеп статистикасының басты көрсеткіштерін жақсартуға болмайды, сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздік ережелерін бұзу болып табылады.

4. «Журналды уақытылы жүргізу/Своевременное ведение журнала» көрсеткіші қалай есептеледі?

Жауап: Бұл көрсеткішітің есептелуі келесі сілтемеде мысалдармен көрсетілген: https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/115015561967

Сондай-ақ, мақалада сабақтан тыс жұмыстармен (қосымша сабақтар, факультативтер), бірінші сыныптар мен жаңартылған бағдарламамен білім алатын сыныптармен қалай жұмыс жасау қеректігі жайлы ұсынымдар қамтылған.

Бағаларды/сабаққа қатысуын/түсініктемені алдын ала қоюға болмайды – бұл кешіктіріліп қойылғанмен тең болады.

5. «Журналды уақытылы жүргізу/Своевременное ведение журнала» көрсеткішіндегі «сызықша» нені білдіреді?

Жауап: Сызықша, бұл мұғалімнің сабағы бойынша баға қойылмайды және ешқандай түсініктеме жазылмайды, және де барлық оқушылар сабақта қатысқан дегенді білдіреді.

Мұндай жағдайда сызықша болуы тиіс, бұл есеп логикасының дұрыстығын білдіреді. Және де мұндай сызықша, есепке алынған уақыт аралығында, «Журналды уақытылы жүргізу/Своевременное ведение журнала» көрсеткішін қамтитын, белгілі төрт жұмыс типінің бірде бірі болмағандығын білдіреді.

Комментарии