«Белсенділік бақылауы» есебінің белгілі сұрақтары

Құрметті әріптестер!

Біз «Белсенділік бақылауы» есебі бойынша жиі қойылатын сұрақтар және жауаптар топтамасын дайындадық.

1. Ата-аналар мен оқушылардың жүйеге кіру жиілігін бақылау қажет пе?

Жауап: Жоқ, талап етілмейді. Ата-аналар мен білім алушыларды мәжбүрлеп, жүйеге күн сайын кіруін міндеттеудің  қажеті жоқ.

Пайдаланушыларға құпия сөз бен пайдаланушы атын таратып, тек қана парақшаларының белсендендірілгендігі қадағалану тиіс . Себебі, білім беру процесінің әрбір қатысушысы, электрондық білім беру жүйесіне қол жеткізе алу керек. Одан кейінгі ата-аналар мен оқушылардың жүйеге кіруі, тек қана олардың қалауы бойынша жүзеге асырылады.

2. «Жоспарлауды жүргізу» есебінің көрсеткішін көтеру үшін, «бос» - үй тапсырмаларын енгізу қажет пе?

Жауап: Жоқ, жүйеде бос үй тапсырмаларын жасауға тиым салынады. Сабаққа үй тапсырмасы берілмегеннің өзінде, «Күнтізбелік жоспарлауда» сабақ тақырыбы енгізілсе, «Жоспарлауды жүргізу» көрсеткіші орындалған болып есептелінеді.

3. Көрсеткіштердерді көтеру үшін, қызметкерлер ата-аналар мен оқушылардың жеке парақшалары арқылы жүйеге кіруге міндетті ме?

Жауап: Жоқ. Ата-аналар мен оқушылардың жеке парақшалары арқылы жүйеге мүлдем кіруге болмайды.Біріншіден, бұл ақпараттық қауіпсіздік ережелерін бұзу. Екіншіден, мектептің негізгі көрсеткіштерін көтеруге еш әсерін тигізбейді.

4. «Журналды уақытылы жүргізу» көрсеткіші қалай есептеледі?

Жауап: Бұл көрсеткіштің есептелу жолы, келесі сілтемеде мысалмен түсіндірілген: https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/115015561967

Сондай-ақ, мақалада сабақтан тыс жұмыстар (вариативті курстар, факультативтер), бірінші сыныптар және жаңартылған бағдарлама бойынша оқитын сыныптармен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар бар.

Бағаны/сабаққа қатысу белгісін/түсініктемелерді – алдын-ала қоюға болмайды, бұл кешігіп қойғанмен тең болып есептеледі.

5. «Журналды уақытылы жүргізу» көрсеткішінде «сызықша» белгісі не білдіреді?

Жауап: Сызықша – бұл сабаққа баға немесе түсінік қойылмайтындығын және сабақта барлық оқушылардың болғандығын білдіреді.

Мұндай жағдайда сызықша болуы тиіс, бұл көрсеткіштің есептеу логикасының дұрыстығын білдіреді. Сонымен қатар, «Журналды уақытылы жүргізу»көрсеткішіне әсер ететін, сабақтағы жұмыс түрінің төртеуінің кемінде біреуі - таңдалған есептік кезеңде журналда  болмаса, көрсеткіште сызықша пайда болады.

Комментарии