«Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің модерациясы туралы ереже

1-тарау: Жалпы ережелер

1.1. «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – электрондық құжат айналымының және білім беру үрдісіне қатысушылар арасында әлеуметтік желілік құралдардың мүмкіндіктерін  біріктіретін, Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарына арналған жабық ақпараттық жүйе. Жүйе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің есептеуіш қуаттарында орналастырылған және жұмыс істейді.

1.2. «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін модерациялау туралы ереже (бұдан әрі - «Модерация туралы ереже») Жүйенің шеңберінде білім беру үрдісіне қатысушылардың қызметін реттеу мақсатында Жүйенің әкімшілігі әзірлеген. Осы Ереже Пайдалану туралы келісімге қосымша болып табылады, ол қолданылу мақсаттарына қарамастан, барлық Жүйелік Пайдаланушыларға танысу үшін міндетті болып табылатын ашық және жалпы қолжетімді құжат.

1.3. Модерация туралы ереже барлық Жүйелік Пайдаланушылардың орындауы үшін міндетті материалдарды (бұдан әрі - «Контент») Жүйеде орналастыруға қатысты бірқатар ережелерді  қамтиды. Ережелер сондай-ақ Жүйенің пайдаланушыларының іс-қызметі нәтижесінде құқықтары мен мүдделеріне әсер етуі мүмкін үшінші тұлғалармен қатынастарға да қолданылады.

1.4. Модерация туралы ереженің қолданыстағы нұсқасы Интернетте http://kundelik.kz/agreements/moderationpolicy мекен-жайы бойынша орналасқан. Бұл редакцияны Жүйе Әкімшілігі Жүйе пайдаланушыларына алдын-ала ескертусіз өзгертуі және / немесе толықтыруы мүмкін. Модерация туралы ережеге толықтырулар және / немесе өзгертулер енгізілгеннен кейінгі Пайдаланушының Жүйедегі қызметін жалғастыруы Жүйенің Пайдаланушысының оның жаңа ережелерімен келісімін білдіреді.

1.5. Осы Модерация ережелерінде қолданылатын барлық терминдер Пайдаланушы келісімінің шарттарына сәйкес ұғынылады.

2-тарау: Негізгі мақсаттар

2.1. Жүйеде контентті орналастыру тәртібі мен ерекшеліктерін анықтайтын ережелердің бірыңғай жиынтығы бекіту.

2.2. Жүйе пайдаланушыларының  Жүйеде орналастырылатын контенттің мазмұны мен сапасына қатысты жол беретін ықтимал типті бұзушылықтарын  құрылымдау, модератор іс-әрекеттерін белсендіретін «жағымсыз» және «тыйым салынған»  контент ұғымдарын ашу.

2.3. Жүйенің пайдаланушыларына қатысты сәйкес әкімшілік санкцияларды қолдануға жеткілікті жағымсыз / тыйым салынған контент сипаты мен көлемдерін анықтау.

3-тарау: Ережелер

3.1. Жүйе Пайдаланушылардың оны пайдалану бойынша әрекеттеріне автоматты түрде цензура және бақылау жасайтын техникалық шешімдерді қамтамасыз етпейді. Сайтта орналастырылған материалдарды (контентті) бақылау модерациядан кейінгі үрдіс болып табылады және Модератор тарапынан осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Жүйенің келесі бөлімдері модерацияға жатады:

Тарау Модерация аймағы
Пайдаланушы профилі Логотип, атау, файлдар, жаңалықтар, пікірлер, қабырғадағы хабарлар, форумдардағы хабарламалар, белсенділік
Топ
Оқиға
Мектеп беті
Желі

 

3.2. Қажетсіз және тыйым салынған контент деп Жүйені пайдаланған кезде Пайдаланушы жүктеген ақпарат түсініледі, ол Жүйенің жоғарыда аталған бөлімдерінде сақталады / жарияланады / таратылады және басқаша пайдаланылады,  сонымен қатар келесі сипаттамаларға ие:

  • әдепсіз, дөрекі, порнографиялық сипатта болып табылады;
  • әдепсіз тіл, өрескел сөздер бар, орыс немесе қазақ тілдерінің тазалығын бұзады;
  • ар-намыс, абырой мен іскерлік беделді қорлайды, беделден айырады, тіл тигізеді, қатерлерді қамтиды, басқа жүйелік Жүйенің Пайдаланушылары мен үшінші тұлғалардың жеке өмірі мен құқықтарына қол сұғады;
  • зорлық-зомбылық көріністерін, жануарларға қатысты қатыгездікті қамтиды, қылмыстық әрекеттерді насихаттайды немесе қылмыстық әрекеттерге бейімдейді;
  • ұлтаралық жеккөрушілікті немесе араздықты (терроризм, нәсілшілдік, шовинизм) тудыруға ықпал етеді, фашизмді немесе басқа экстремистік идеологияларды насихаттайды;
  • есірткі және темекі шегу туралы ақпаратты, олардың жарнамасын қамтиды, өмірі үшін қауіптілігін және қолданудың сөзсіз қайтпас зардаптарын жасырады;
  • спам, яғни, басқа Пайдаланушылардың алуға келісімінсіз  коммерциялық, саяси немесе басқа да жарнамалық ақпаратты жаппай тарату болып табылады;
  • басқа тәсілдермен Жүйелік Пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерін немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзады.

Сонымен қатар, мына топтар мен оқиғалар жоюға жатады:

  • өзектілігі жоғалған, соңғы белсенділігі (ақпаратты жаңарту, форумдарды өткізу, деректерді енгізу және т.б.) бір ай бұрын байқалған;
  • бір-бірін қайталайтын және ақпараттық жүктемесі жоқ топтар.

3.3. Жүйенің белгілі бір мерзімге (бір ай және одан көп) белсенділігі болмайтын белгілі бір бөлімдері де Модерацияға жатады.

3.4. Модератор Жүйеде Пайдаланушылар орналастырған барлық материалдарды модерациялау, яғни осы материалдардың мазмұнын және сапасын бақылау, ал қажет болған жағдайда, алдын ала ескертусіз және себептерін түсіндірмей  оларды жою немесе ауыстыру  құқығын өзіне қалдырады. Әкімшілік модерация рәсімі шеңберінде жасалған іс-әрекеттердің кез-келген зардаптары үшін өзіне жауапкершілік алмайды.

4-тарау: Модерация  алгоритмі и айыппұл санкциялары

4.1. Модератор Жүйе Пайдаланушыларының құқықтары мен мүдделерін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын  қорғауға  әрекет жасайды, егер оның тарапынан Модераторлық регламенттің ережелері  және / немесе Пайдаланушы келісімінің талаптары бұзылғаны анықталса және мына жағдайларда:

  • басқа Жүйелік Пайдаланушылардан немесе мүдделі тұлғалардан шағым немесе өтініштер түскен кезде;
  • бұзушылықты дербес анықтаған кезде.

4.2. Жүйе шеңберіндегі іс-қызметі көрсетілген құжаттарға қайшы келетін Пайдаланушыға әсер ету шарасы Модератордың қалауы бойынша анықталады және бірнеше сценарийлерді қамтуы мүмкін:

  • Жүйелік Пайдаланушыға алдын-ала немесе соңынан хабарламай қажет емес / тыйым салынған контентті өңдеу немесе жою;
  • Жүйелік пайдаланушыға сәйкес ескерту бере отырып, қажетсіз / тыйым салынған контентті өңдеу немесе жою;
  • өрескел бұзушылық болған  жағдайда - Мекеменің  Әкімшілеріне хабарлау арқылы   Жүйе Пайдаланушысының қолжетімділік құқықтарын шектеу және соңынан профилін  блоктау.

4.3. Оқушы Профилін шектеу немесе бұғаттау уақытша шара болып табылады және Мектеп Әкімшісіне оған қатысты ақпаратты енгізуге, сондай-ақ осы Пайдаланушының ата-аналары және / немесе заңды өкілдерінің көрсетілген ақпаратты қарауына  кедергі келтірмейді. Пайдаланушының қолжетімділік құқығын шектеу немесе профилін бұғаттау мерзімі Модератордың қалауы бойынша анықталады және санкцияны қолдану фактісі бойынша Пайдаланушыға жазбаша түрде хабарланады.

5-тарау: Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

5.1. Жүйеде тіркелу кезінде Пайдаланушы Жүйені пайдалану мен оның жұмыс істеуіне қатысты құқықтар мен міндеттерді қабылдап, Пайдаланушы келісімімен (атап айтқанда, осы Модерация туралы ережеге ерекше назар аудару керек) танысуға міндетті.

5.2. Тіркеуден кейін Пайдаланушы жеке коммерциялық емес және білім алу мақсаттарында Жүйе ішінде ақпараттық кеңістік құруға, толтыруға және пайдалануға құқық алады, ол Пайдаланушы мен басқа Пайдаланушылардың Жеке бетін, Мектеп бетін, файлдарды, оқиғалар, топтар, желілер, желілерді және басқаларды қамтиды.

5.3. Ақпараттық жүйе мен объектілерді (контент) орналастырмас бұрын, Пайдаланушы олардың заңдылығын және Ереженің талаптарына сәйкестігін алдын-ала бағалауға міндетті.

5.4. Пайдаланушы Пайдаланушының келісіміне, Модерация туралы Ережеге, Жүйе әкімшілігінің басқа да арнаулы құжаттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Жүйенің аталған бөлімдеріндегі контентті құруға, орналастыруға, сақтауға және беруге байланысты өзінің әрекеттері үшін толық жауапкершілік көтереді.

6-тарау: Қорытынды ереже

6.1. Пайдаланушы Әкімшінің Жүйеге қол жетімділікті шектеу немесе бұғаттау  немесе Пайдаланушы келісімінің шарттарын, осы Модерация туралы  ереженің талаптарын немесе қолданыстағы заңнама нормаларын немесе үшінші тараптардан дәлелді шағым түсіп, заңмен қорғалған құқықтарын  бұзған Пайдаланушыға қарсы басқа да шараларды қабылдау  құқығымен келіседі. Осы шаралардың сипатын, оның ішінде қол жеткізуді шектеудің ұзақтығы мен деңгейін Әкімшілік өз қалауы бойынша анықтайды және Пайдаланушыға алдын-ала немесе кейін хабарламастан және себептерін түсіндірместен қолданылуы мүмкін. Әкімшілік Мекеменің Әкімшісіне Пайдаланушының Жүйеге қол жеткізуін шектеу немесе бұғаттау туралы және ол жасаған бұзушылықтардың сипаты туралы хабарлауға құқықты.
Оқушының профилін шектеу немесе бұғаттау Мектеп Әкімшісінің ол туралы Ақпаратты  енгізуіне және осы Пайдаланушының ата-аналары және / немесе заңды өкілдерінің көрсетілген Ақпаратты қарауына кедергі келтірмейді.

6.2. Модерация туралы ереженің ережесін бұзған Жүйелік Пайдаланушыға ықпал ету шарасын осы Ережеге немесе өзінің қалауы бойынша Модератор анықтайды. Әкімшілік санкциялар Пайдаланушыны алдын-ала немесе кейін хабарлар етпей және себептерін түсіндірмей қолданылуы мүмкін. Модератор оларды қолданған жағдайда, Модератордың әрекеттеріне себеп болған бұзушылықтардың сипаты туралы Мекеме әкімшісіне хабарлауға құқықты.

6.3. Пайдаланушы келісімінің немесе Модерация туралы ереженің талаптары бұзылған жағдайда, Жүйенің әкімшілігі бұзушылықтар мерзімінің ұзақтығына қарамастан, осы шарттарды және өз мүдделерін қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға құқықты. . Сонымен, бұл жағдайда Модератор тарапынан әрекетсіздік оны кейінгі уақытта қажет әрекеттерді жүзеге асыру құқығынан айырмайды және Жүйе Әкімшілігінің болашақта мұндай бұзушылықтар жасау кезінде өз құқықтарынан бас тартқандығын көрсетпейді.

6.4. Модератор Жүйенің Әкімшілігі белгілеген көлемдегі контентті бақылауға құқықты және Жүйенің сервистерін пайдалана отырып, Пайдаланушылар сақтайтын, орналастыратын, жариялайтын немесе жіберетін барлық материалдар үшін жауапты емес.

6.5. Жүйенің ақпараттық ортасында Интернет желісіндегі басқа сайттар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғалған және зияткерлік қызметтің нәтижесі болып табылатын  үшінші тұлғалардың контентіне сілтемелер болуы мүмкін. Пайдаланушыға мұндай контентке қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып,  Жүйенің Әкімшілігі оның сапасы мен мазмұны үшін жауап бермейді, сондай-ақ оны мақұлдағанын білдірмейді.

6.6. Пайдаланушы келісімінің және Модерация туралы Ереженің талаптарын бұзған жағдайда, Әкімшілік осы бұзушылықтардың мерзімінің ұзақтығына  қарамастан, осы шарттарды және өзінің мүдделерін қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға құқықты. Осылайша, Пайдаланушы тарапынан  Пайдаланушы келісімінің және Модерация туралы ереженің талаптарын бұзған жағдайдағы Әкімшілік тарапынан әрекетсіздік Әкімшілікті өз мүдделерін қорғау үшін қажетті шараларды қабылдау құқығынан айырмайды және болашақта осындай бұзушылықтар жасау кезінде Әкімшіліктің өз құқықтарынан бас тартқандығын көрсетпейді.

6.7. Әкімшіліктің модерациялау құқығы Жүйенің Пайдаланушылары орналастыратын, Жүйенің сервистерін пайдалану арқылы жарияланған немесе жіберілген барлық материалдарды бақылауға міндетті емес. Модерация Әкімшілік белгілеген мөлшерде жүзеге асырылады.

 

Комментарии