Бағалардың өңдеу кезеңін өзгерту үшін:
Ескерту: бұл өзгертулер бағалардың өңдеу кезеңіне де, олардың қоюына да әсерін тигізеді.
Мысалы: ББМ-де бағаларды өңдеу кезеңі орнатылған – 1 апта. Бұл 10 қыркүйек күні, 2 қыркүйекте өткен сабаққа баға қоюға болмайтынын білдіреді, яғни «өтіп кеткен күні бойынша» .
Бағаларды өңдеу кезеңін тек қана мектептің «Әкімші» құқықтары бар қызметкер, «Баға түрлері» блогында, «Қосымша параметрлер» өрісінде өзгерте алады.
Егер «Қосымша параметрлер» бөлімінде бағаларды қою және өңдеу кезеңін «Ешқашан» деп орнатып, өзгертулерді сақтаса, онда барлық баға қоюға арналған ұяшықтар ашық күйінде тұрады.
Баптауларда орнатылған кезең біткеннен кейін, барлық парақшалардың ұяшықтары құллыпқа түседі (яғни, ұяшықтар сұр түске боялып, белсендірілмегенге айналады) , яғни бағаларды қоюға / өңдеуге / жоюға арналған ұяшықтар.
Келесі парақшаларда бағаларды қою ұяшықтары жабылады:
Ескерту: бағаларды өңдеу және қою кезеңіне қарамай, құлыпқа түскен ұяшықтарға өзгертулерді келесі пайдаланушылар енгізе алады:
Пән бойынша мұғалімдер және сынып жетекшілері бағаларды тек қана орнатылған кезең бойынша бағаларды өңдей алады.
Қатысу туралы белгілер де, орнатылған баптауларға байланысты жабылады.
Ескерту: журналды импорттау жұмысын жасаған кезде, өтіп кеткен кезең бойынша қойылған бағалар импорттау барысында журналда шықпайды.
Сәлеметсіз бе,10 күні қойылатын диктант бағасын 12 күні қоюға болады ма?
Қайырлы күн, Сабира Тулегеновна Жумахметова!
Ия, қоюға болады. Бірақ, сабақ парақшасында "Сабақтағы жұмысты" - "Диктант" деп, өзгертіп шығуыңыз қажет, себебі уақытылы емес бағаның қоюы, есептерге әсер етеді.