Қызметкерлерге арналған «Күнделік» жүйесінің мобильді нұсқасы

Білім беру мекемелерінің қызметкерлері енді жүйенің мобильді нұсқасын қолдана алады. Қызметкер «Күнделік» жүйесін ұялы телефоннан немесе планшеттен ашқанда, автоматты түрде ашылады.

Мобильді нұсқаның интерфейс тілі пайдаланушының профилиінде көрсетілген тілде болады.

Профилдегі тілді өзгертуге қажет болса, онда келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

  • жүйеге компьтер арқылы өту;
  • көк шарлау панелінен жоғары Сіздің ТАЖ қасындағы көрсеткішке басу,
  • сосын «Настройки/Параметрлер» екінші пунктіне басу;
  • «Интерфейс» койындысын таңдау;
  • «Язык» өрісінде «Қазақ» тілін таңдау және «Сақтау» («Сохранить») батырмасына басу.

 

Бір күндік сабақ кестесі

«Күн» қойындысында таңдалған күннің сабақтар тізімі, сыныптар, сабақ тақырыптары мен кабинеттер көрсетілген. Нақты сабаққа басу арқылы, сабақ парақшасына өту мүмкіндігі бар.

 

 

Ескерту: маңызды сабақтар өтетін күндер нүкте белгісімен белгіленген. Қызыл нүкте – өткен маңызды сабаққа баға қою қажеттілігінің белгісі.

Маңызды болып есептелінетіндер:

  • өзіндік жұмыс;
  • бақылау жұмысы;
  • шығарма;
  • диктант;
  • бақылау диктанты;
  • тест;
  • сынақ;
  • тәжірибелік жұмыс;
  • математикалық диктант;
  • мазмұндау;
  • сөздік диктант;
  • өзін өзі тектесу жұмысы;
  • мазмұндама;
  • сурет бойынша шығарма.

 

Бір айлық күнтізбе

«Ай» қойындысын басу арқылы, маңызды сабақтары белгіленген ағымдағы апта ашылады. Қызғылт сары түспен ағымдағы күн белгіленген. Күнді басса, сол күннің кестесі ашылады. Күнтізбені ағымдағы оқу жылының соңына және оқу жылының басына дейін парақтап ашуға болады.

 

 

Сабақ парақшасы

Сабақ парақшасына «Күн» қоындысындағы сабаққа басу арқылы өтуге болады. Бұл бөлімде тақырып көрсетілген сабақ бойынша ақпараттар және жұмыс түрлері бар.

Бұл бетте мұғалім бағаны және белгіне қойып, өшіре алады, таңдалған немесі келесі сабаққа үй тапсырмасын бере алады.

Сабаққа қатысу белгісін қою үшін, қажетті оқушыны басып, «Қатысуы» қойындысын таңдап белгіге басу қажет.

Бағаны қою үшін, қажетті оқушыны басып, бағаны қою қажет жұмыс түрін таңдап, қажетті бағаға басу қажет. Егер  «n/n»  ______.png батырмасына басса, екі баға қою мүмкіндігі ашылады.

 

 

Қойылған бағаны/белгіні өшіру үшін, оқушыны таңдап, ашылған жолда «Бағаны жою» батырмасын басу қажет.

 

 

Параметрлер

Параметрлеріне өту үшін, атауы жазылған жолдағы «шестеренка» белгісіне басу қажет.

 

 

Бұл қойындыда:

  • басқа білім беру мекемесіне өтуге (егер мұғалім бірнеше мектепте болса);
  • оқушылардың ТАӘ бейнелену форматын өзгертуге;
  • жүйеден шығуға;
  • жүйенің толық нұсқасына өтуге болады.

 

Комментарии