Қызметкерлерге арналған «Күнделік.Мұғалім» жүйесінің мобильді нұсқасы

Білім беру қызметкерлері  Жүйенің мобильді нұсқасын қолдана алады. Егер қызметкер жүйеге ұялы немесе планшеттік құрылғыдан кірсе, ол автоматты түрде ашылады.

Бір күндік сабақ кестесі

«Күн» қойындысында таңдалған күннің сабақтар тізімі, сыныптар, сабақ тақырыптары мен кабинеттер көрсетілген. Нақты сабаққа басу арқылы, сабақ парақшасына өту мүмкіндігі бар.

 

____1.png

Ескерту: маңызды сабақтар өтетін күндер сұр нүкте белгісімен белгіленген. Қызыл нүкте – өткен маңызды сабаққа баға қою қажеттілігінің белгісі. Көк нүкте үй тапсырмасы берілмеген сабақ болатын күндерді көрсетеді.

Маңызды болып есептелінетін сабақ түрлері:

  • өзіндік жұмыс;
  • бақылау жұмысы;
  • шығарма;
  • диктант;
  • бақылау диктанты;
  • тест;
  • сынақ;
  • тәжірибелік жұмыс;
  • математикалық диктант;
  • мазмұндау;
  • сөздік диктант;
  • өзін-өзі тектеру жұмысы;
  • мазмұндама;
  • сурет бойынша шығарма.

Бір айлық күнтізбе

«Ай» қойындысын басу арқылы, маңызды сабақтары белгіленген ағымдағы ай ашылады. Қызғылт сары түспен ағымдағы күн белгіленген.

«Күнді» басса, сол күннің кестесі ашылады. Күнтізбені ағымдағы оқу жылының соңына және оқу жылының басына дейін парақтап ашуға болады.

 

____2.png

Сабақ парақшасы

Сабақ парақшасына «Күн» қойындысындағы сабаққа басу арқылы өтуге болады. Бұл бөлімде сабақтың тақырыбы, сабақ бойынша ақпараттар және жұмыс түрлері көрсетілген.

Сабақ парақшасында мұғалімғе келесі әрекеттерге қол жетімділік бар:

  • сабақ бағаларын, қатысу белгілерін немесе түсініктемелерді қою/ өңдеу/ жою;
  • таңдалған немесе келесі сабаққа үй тапсырмасын қою/ өңдеу;
  • сабақта жаңа жұмыс қосу;
  • пән бойынша журналға өту.

Ағымдағы немесе келесі сабаққа үй тапсырмасын беру үшін қызметкер тиісті нұсқаны басу керек: «Осы сабаққа ҮТ қосу» немесе «Келесі сабаққа ҮТ қосу».

Егер сабақ үшін үй тапсырмасы алдын ала берілсе, парақшада «Осы сабаққа ҮТқосу»  бағаны көрсетілмейді. Сабақ туралы қысқаша ақпаратты басқан кезде ҮТ мәтінін өзгертуге болады.

mceclip0.png

Ескерту:  егер қызметкер келесі сабаққа тағайындалмаса, онда «Келесі сабаққа ҮТ қосу» бағаны қосымшада көрсетілмейді.

Баға қою үшін сабақта қажетті жұмыс түрін (егер олар бірнешеу болса) таңдап, білім алушының аты - жөнін басу және бағаны таңдау қажет.

«n/n» ______.png батырмасына басқанда, екі баға қою мүмкіндігі ашылады.

 

mceclip4.png

Назар аударыңыз: жиынтық бағалауының бағаларын (ТЖБ және БЖБ) «Күнделік» жүйесінің толық нұсқасында ғана қоюға болады. Сайттың мобильді нұсқасынан толық нұсқасына көшу үшін мобильді браузер жолында  https://kundelik.kz мекенжайын енгізіңіз.

Қатысу туралы белгіні қою үшін «Қатысуы» қойындысына өтіп, білім алушының аты - жөнін басуып, белгіні таңдау қажет.

mceclip1.png

Түсініктеме қалдыру үшін «Түсініктеме» қойындысына өту керек.

Қызметкер дайын түсініктемелерді таңдай алады (ауызша бағалау жүйесі). Белгісін басқан кезде түсініктемені қолмен енгізу мүмкіндігі пайда болады:

 

mceclip3.png

Бағалар, қатысу немесе түсініктемелер белгілер туралы деректерді жою немесе өзгерту үшін тиісті парақшаға өтіп, кейін оқушының аты-жөнін басу қажет. Пайда болған панельде таңдалған қойындыға байланысты "Белгіні өшіру", "Өшіру" немесе "Өзгерту" батырмасын басу қажет.

 

mceclip5.png

Пән бойынша журналға өту үшін "Журнал" бастырмасына басу қажет. Пән бойынша Журнал таңдалған кезеңге қорытынды баға қою үшін қажет. Сондай-ақ бағалар білім алушының аты - жөнін басқаннан кейін қойылады.

mceclip6.png

Кезеңді экранның жоғарғы оң жақ бұрышынан таңдауға болады.

 

mceclip7.png

 

Параметрлер

Параметрлерге өту үшін, парақшаның жоғарғы оң жақ бөлігіндегі «параметрлер» белгісіне басу қажет.

mceclip8.png

Бұл қойындыда, келесі іс-әрекеттерді атқаруға болады:

  • басқа білім беру мекемесіне өтуге (егер мұғалім бірнеше мектепте болса);
  • оқушылардың ТАӘ бейнелеу форматын өзгертуге;
  • тілді ауыстыруға;
  • профилден шығуға.

 

____5.png

Комментарии

  • Avatar
    Гулмира Куанышевна Сарманова

    Cәлеметсіз бе
    топтарды қалай жоямын? Кестені толық өшірсем де жоя алмай жатырмын? қалай жасаймыз

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Гулмира Куанышевна Сарманова!

    Сізден team@kundelik.kz сұрағыңызды толықтырып жазып жіберуіңізді сұраймыз.

    Изменено: Алия Искандерова