Білім беру ұйымының электрондық профилін құру схемасы

Бастапқы деректерді енгізгеннен кейін, әкімші профильді белсендіру үшін жеке профайл интерфейсінің параметрлерінде пайдаланушыға ыңғайлы тілді таңдай алады. Жүйедегі тілді өзгерту үшін негізгі панелінің үстінде толық атыңызды нұқуыңыз керек және «Параметрлер/Настройки» деген екінші тармақты таңдауыңыз керек. Жеке профиль параметрлерінде соңғы «Интерфейс» қойындысына өтіп, «Тіл/Язык» бағанында тілді таңдап, «Сақтау/Сохранить» батырмасын басыңыз.

 

 

Білім беру ұйымының (бұдан әрі - ББҰ) электрондық профилін құру үшін әкімші:

1-қадам: ББҰ атауын, сипаттамасын, логотипін, орнын, функциясын орнатуға, сондай-ақ ғимараттардың мекен-жайларын және ББҰ байланыс ақпаратын көрсету. Бұл ақпарат жүйедегі ББҰ профилі бетінде көрсетіледі және барлық жобаға қатысушылардың қарауына қол жетімді болады.

Сабақтар тізімін құру кезінде пәндер тізімі интерфейс тілі қандай тіл тағайындалса, сол таңдалған тілде көрсетіледі. Егер білім беру ұйымы араласқан болса, онда сіз екінші тілдегі жетіспейтін пәндерді тізімге қосу.  Мысалы, егер тізім орыс тілінде көрсетілсе («Русский язык», «Физическая культура», «Технология» және т.б.), онда «Орыс тілі», «Дене шынықтыру», «Еңбекке баулу» және т.б. пәндерді қазақ тілінде «Пәнді қосу» батырмасын басу арқылы қосу қажет.

Ескерту: Жүйе пәндердің атауларын қоспағанда, бәрін аударады, сондықтан қазақ тілінде оқытылатын сабақтарға арналған кесте жасағанда, қазақ тіліндегі пәндердің атауларын, орыс тілінде оқитын сыныптарға пәндердің атауларын орыс тілінде таңдау керек. Кестені көргенде интерфейстің тілдік параметрлеріне қарамастан, пәндердің атауы аудармасыз көрсетіледі.

2-қадам: «Сыныптар мен орындар», «Ғимараттар», «Сабақтар» анықтамаларын орнату. Бұл анықтамаларда сабақтардың өтілетін орны туралы егжей-тегжейлі ақпарат бар және сынып кестесін жасағанда пайдаланылады.

3-қадам: қоңыраулар кестесін жасаңыз және жариялау. Сабақ кестесін және пайдаланушылардың жеке күнтізбелеріндегі сабақтардың бастау және аяқталу уақытын көрсетуге мүмкіндік береді. Жүйе қоңыраулар кестесінің қажетті санын жасау мүмкіндігін ескереді: бір класс үшін, бірнеше таңдалған сыныптар, параллельдер және т.б. Әрқайсысына сыныптармен байланыс орнату кезінде және сабақ кестесін жасаған кезде шатасуға жол бермейтін тиісті атау беріледі.

4-қадам: есептік кезеңдерді орнату. ББҰ-да оқушылардың әртүрлі топтары үшін (параллельдер, жекелеген сыныптар және т.б.) есептік кезеңдердің әртүрлі түрлері қабылдануы мүмкін. Сондай-ақ есептік кезеңдердің басталу және аяқталу күндері әр түрлі бола алады, егер кезеңдердің түрі бірдей болса. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, жүйе есептік кезеңдердің қажетті топтарды құруға және олардың санын құруға мүмкіндік берді. Құрылған топтардың есеп тік кезеңдері сыныптарды қосу кезінде және сол сыныпты өңдеу барысында тағайындалады.

5-қадам: қызметкерлерді импорттау және олардың әрқайсысының жеке пайдаланушы аты мен уақытша құпиясөзін тіркеу үшін тарату. Қызметкердің білім беру үдерісіндегі орны және оған жүктелген қосымша құқықтар (қажет болған жағдайда) Жүйеде ББҰ туралы әртүрлі ақпаратқа қол жеткізу деңгейін айқындайды.

6-қадам: сыныптардың тізімін жасау және оларды құру. Әрбір сынып профилінде есеп беру кезеңін және ауысымды таңдауға ерекше назар аудару керек.

7-қадам: оқушылар мен ата-аналарды импорттау. Оқушылар мен ата-аналар (заңды өкілдер) арасындағы отбасылық байланыстарды орнату қажет. Осылайша, ата-аналар (заңды өкілдер) өзінің профилінде кірген кезде бір немесе бірнеше балалардың жұмысын қадағалай алады.

Ескерту: сынып жетекшілер ата-аналарға және оқушыларға олардың тіркеуге қажетті жеке деректерін беруі керек.

8-қадам: әрбір сынып үшін оқу топтарын жасау.

9-қадам: әр сынып үшін сынып кестесін жасаңыз. Кесте қалыптасқаннан кейін пәндер оқытушылары журналдарды толтыра бастайды және үй тапсырмаларын тапсыра алады.

w256h2561372777059Exclamation.pngББҰ профилін орнатудың негізгі нұсқаулығы «Әкімші нұсқаулығы» болып табылады.

Комментарии