КТЖ: Сабақтың болжамды уақыты не үшін қажет және қалай енгізуге болады?

Болжамды сабақ күні – күнтізбелік жоспарлаудың «қағаз» күйіндегі тақырыптардың бағдарлы күнін анықтау үшін арналған жол.

Сабақтың болжамды күнін қалай толтыруға болады?

Оқу жылының басында, мұғалім өзінің сабақ кестесін нақты білмегендіктен, аптасына өтетін сабақ санына байланысты, КТЖ-да болжамды күндерді көрсетеді.

Ескерту: КТЖ жарияланғаннан кейін, әрбір тақырып сабақ кестесіне байланысты тиісті сабаққа байланысады, осылайша әрбір тақырыптың екі күні болады: болжамды және нақты. Болжамды күндерді өзгертудің қажеті жоқ. КТЖ жарияланған кезде, Жүйе өздігімен ретке келтіреді.

Сабақтың болжамды уақыты не үшін қажет

Сабақтың болжамды күні КТЖ-да тақырыптардың кезектілігін айқындау үшін қолданылады. Хронология бойынша тұрған бірінші тақырып бірінші, келесі тақырып – екінші сабаққа байланысып жалғаса береді.

Болжамды сабақ күні нақты күнмен сәкес келуі маңызды емес. Ең бастысы – тақырыптар хронологиялық тізіммен дұрыс көрсетілсе жеткілікті. Бұл тақырыптардың сабақ кестесінде дұрыс үйлестірілуі үшін қажет.

Ескерту: сабақ күнін ашылмалы күнтізбеден күні мен айын таңдау арқылы немесе компьютер пернетақтасы арқылы қолмен енгізу мүмкіндігі бар. Қолмен енгізу форматы: КК.АА.ЖЖЖЖ (мысалы, 01.09.2017)

Комментарии