Білім беру мекемесінің қосылуы және профилін өңдеу жөніндегі ұсыныстар

Білім беру мекемесінің «Күнделік» жүйесіне қосылу бойынша ұсыныстар

«Күнделік» ақпараттық жүйесіне қосылу жөнінде дайындық ретіндегі ережелері:

  • жүйеде білім беру ұйымын (бұдан әрі - ББ) белсендіру, деректерлер енгізу және «Күнделік» жүйесінде әкімгерді сайлау;
  • мұғалімдерге жүйемен ғаламтор желісінде еркін жұмыс істеу үшін, жұмыс орнын барынша ұйымдастыру;
  • білім беру мекемесі туралы деректерді, ақпараттық деректер жүйесіне енгізу бойынша, қызметкерлер арасындағы міндеттерді бөлу;
  • жүйеде жұмыс істеу дағдыларын қызметкерлерге уақытылы оқытуды ұйымдастыру;
  • оқушылар мен ата-аналарға Жүйемен таныстыру жұмыстарын өткізу.

Нормативтік-құқықтық сүйемелдеу

Қосылудың нормативтік-құқықтық сүйемелдеу процесін қамтамасыз ету үшін, келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

  • «Күнделік» ақпараттық жүйесін енгізу туралы құжатты (бұйрық) дайындау қажет, онда:
    • ақпарат енгізу жауапты маманды ресми түрде тағайындау – Жүйенің бірінші әкімшісі;
    • ақпараттық Жүйенің енгізу жоспарын бекіту. Онда қажетті іс-шаралардың тізімін мақұлдау және оларды жүргізу мерзімін, болжамды нәтижелері мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып ақпараттық жүйені енгізу.
  • Заңды өкілдерден (және заңды өкілдерінен) оқушылардың жеке деректерін өңдеуге келісім шарттарды алу;
  • «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-мен ресми келісім шарт орнату. Бұл келісім шарт қызмет көрсету тәртібі мен талаптарды, тараптардың құқықтары мен міндеттерін ескертеді және ББМ мен «Күнделік (Kundelik)» ЖШС арасындағы өзара ресми қатынасын растайды.

w256h2561372777059Exclamation.png Келісім үлгілерін келесі мақаладан табуға болады: «Дербес деректерді жинауға және өңдеуге арналған келісім».

w256h2561372777059Exclamation.png Келісім шарт үлгілерін келесі мақаладан табуға болады: «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-мен білім беру ұйымдастыруына келісім».

Танысу үшін: Білім беру мекемесінің электрондық профилін баптау сұлбасы

Комментарии

  • Avatar
    Мадьи Абдиуалиевич Койланов

    Ой Күнделігің бар болсын. Қосылдым ата-ана болып мектепке. Бірақ менің фрофилімде мектебім жоқ. Түк шеше алмай жатырсыңдарғо

  • Avatar
    Жупар Ишкалова

    Қайырлы күн, Мадьи Абдиуалиевич!

    Жеке мәліметтер қажет болғандықтан, Сізге жеке хат жібердік. Жеке электронды поштаңыздан хат күтеміз.

  • Avatar
    Еркинай Кайсаровна Джакыпова

    Мен өз парақшамдағы мәліметтерді еш өзгерте алмадым,әкімші болайын деп нұсқаулық бойынша істесемде нәтиже жоқ,осы мәселеге көңіл бөліп көмек көрсетсеңсіздер???

  • Avatar
    Жупар Ишкалова

    Қайырлы күн, Еркинай Кайсаровна!

    Әкімшілік құқықтарын жобаның қолданушылары болып табылатын қызметкерлерге ғана беріледі (Жобаның қолданушысы - бұл жүйеге өз пайдаланушы аты мен құпиясөз арқылы кем дегенде бір рет кірген тұлға). Жаңа әкімшіні тағайындау үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

    * «Әкімшілік ету» бөлімінде «Адамдар тізімі» сілтемесін таңдау;
    * «Іздеу» функциясын қолдана отырып, әкімші құқығы берілетін қызметкердің Толық аты-жөнін табу;
    * қызметкердің жеке деректерін өңдеу режиміне өту үшін Толық аты-жөніне немесе Толық аты-жөнінен қарама-қарсы *карандаш* белгісіне басу;
    * «Жеке деректер» қойындысын ашу;
    * ашылған беттің төменгі оң бұрышында орналасқан «Әкімшілік құқықтар» блогында қызметкерге берілетін құқықты қанат белгісімен белгілеу;
    * өзгерістерді «Сақтау».

    Құқық берілген тізбеде өзгерістерді енгізу үшін рәсімді қайталау керек

  • Avatar
    Сауле Картайгановна Баялбекова

    Уйде окыту га ашылган сыныптарга байланысты кетсені жане кесте бойынша сабактарды жойдым да енди сол уйде окытуга ашылган сыныпты жою десем кате болып жойылмады қалай жоюга болады

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Сауле Картайгановна Баялбекова!

    Біздің поштамызға мәселеңіздің толық сипаттамасын жіберуіңізді сұраймыз.

    Алдын-ала рахмет!

    Изменено: Алия Искандерова
  • Avatar
    Сауле Картайгановна Баялбекова

    Үйде оқыту бойынша: 1. ҮО сыныбын жойып, баланы негізгі топына өткіздік.баланы үйде оқыту тобына қостық
    негізгі кестеге енгізіп, ҮО баланың кестесін 8-9-10-11-12 сабақ ретінде қосып шығықтық . сабақ кестесінде тобында дұрыс қойылған. Бірақ журналда уйде оқыту тобындағы балаға баға қойылмайды. Журнал қате толтырылды деп жауап береді. Оны қалай жондейміз? пәндерді енгізу де есептердің көріну деңгейінде реттелінген оныда қарап шықтым бәрі дұрыс. Себебін түсіне алмадым? Мүскін ол сыныптар жаңартылған мазмұнда оқытылады және ол сыныптар жиынтық журналы қойылған сол себепті де бағасы қойылма отырған шығар деп ойлаймын. Себебін түсіндіресіздер ме?

    2. Үйде оқитын оқушысы бар сыныптарда үйде оқитын оқушы мысалы Бөкен Ералы деген оқушы сынып журналында 2 рет корсетілген болып тұр, бірақ сынып тізімінде, мектептің жалпы оқушылар тізімінде де 1 ғана оқушы болып табылып тұр. Оқушы жалпы сынып тобында да және үйде оқыту тобындада белсенді болып тұр Себебі не де ?

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Сауле Картайгановна Баялбекова!

    Жеке хат ретінде жауап бердік.
    Жауабыңызды сол поштада күтеміз.

    Изменено: Алия Искандерова
  • Avatar
    Гулнур Оралбековна Бухарбаева

    Сәлеметсиз бе
    Ата-ана ретінде кірсем, баламның біреуі ғана шығады. Екіншісінің күнделігіне кіре алмай отырмын. Қалай кіруге болады?

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Гулнур Оралбековна Бухарбаева!

    Сізден team@kundelik.kz сұрағыңызды толықтырып жазып жіберуіңізді сұраймыз.

    Изменено: Алия Искандерова