Білім беру мекемесінің профилін өңдеу және қосылу бойынша ұсыныстар

Білім беру мекемесінің «Күнделік» жүйесіне қосу бойынша ұсыныстар

«Күнделік» ақпараттық жүйесін дайындық есебінде енгізу үшін:

  • «Күнделік» жүйесіне әкімшіні таңдап қажет, оның деректері Жүйеге білім беру мекемесін іске қосу кезеңінде енгізіледі;
  • Мұғалімдердің Жүйеге еркін қосылуы үшін, Интернет желісіне қосулы барынша ықтимал орындаурды ұйымдастыру;
  • Білім беру мекемесі жайлы деректерді ақпараттық деректер базасына енгізу бойынша, қызметкерлер арасында міндеттерді бөлу;
  • Жүйеде жұмыс істеуді үйретуді уақытылы ұйымдастыру;
  • Оқушылар мен ата-аналарға Жүйемен таныстыру жұмыстарын өткізу.

Нормативтік-құқықтық сүйемелдеу

Қосылудың нормативтік-құқықтық сүйемелдеу процесін қамтамасыз ету үшін, келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

  • «Күнделі» ақпараттық жүйесін енгізу туралы құжатты (бұйрық) дайындау қажет, онда:
    • Енгізуге жауапты маманды ресми түрде тағайындау – Жүйенің бірінші әкімшісі;
    • ақпараттық Жүйені енгізу жайлы жоспар бекітілсін. Онда қажетті іс-шаралардың тізімін мақұлдау және оларды жүргізу мерзімін, болжамды нәтижелері мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып ақпараттық жүйені енгізу.
  • оқушылардың заңды өкілдерінен (және заңды өкілдерінің де) дербер деректерін өңдеуге келісімді жинауды ұйымдастыру;
  • «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-мен ресми келісім шарт орнату. Бұл келісім шарт қызмет көрсету тәртібі мен талаптарды, тараптардың құқықтары мен міндеттерін ескертеді және ББМ мен «Күнделік (Kundelik)» ЖШС арасындағы өзара ресми қатынасын растайды.

w256h2561372777059Exclamation.png Келісім үлгілерін келесі мақаладан табуға болады: «Дербес деректерді жинауға жəне өңдеуге келісім».

w256h2561372777059Exclamation.png Келісім шарт үлгілерін келесі мақаладан табуға болады: «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-мен білім беру ұйымдастыруына келісім».

Комментарии

  • Avatar
    Мадьи Абдиуалиевич Койланов

    Ой Күнделігің бар болсын. Қосылдым ата-ана болып мектепке. Бірақ менің фрофилімде мектебім жоқ. Түк шеше алмай жатырсыңдарғо

  • Avatar
    Жупар Ишкалова

    Қайырлы күн, Мадьи Абдиуалиевич!

    Жеке мәліметтер қажет болғандықтан, Сізге жеке хат жібердік. Жеке электронды поштаңыздан хат күтеміз.

  • Avatar
    Еркинай Кайсаровна Джакыпова

    Мен өз парақшамдағы мәліметтерді еш өзгерте алмадым,әкімші болайын деп нұсқаулық бойынша істесемде нәтиже жоқ,осы мәселеге көңіл бөліп көмек көрсетсеңсіздер???

  • Avatar
    Жупар Ишкалова

    Қайырлы күн, Еркинай Кайсаровна!

    Әкімшілік құқықтарын жобаның қолданушылары болып табылатын қызметкерлерге ғана беріледі (Жобаның қолданушысы - бұл жүйеге өз пайдаланушы аты мен құпиясөз арқылы кем дегенде бір рет кірген тұлға). Жаңа әкімшіні тағайындау үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

    * «Әкімшілік ету» бөлімінде «Адамдар тізімі» сілтемесін таңдау;
    * «Іздеу» функциясын қолдана отырып, әкімші құқығы берілетін қызметкердің Толық аты-жөнін табу;
    * қызметкердің жеке деректерін өңдеу режиміне өту үшін Толық аты-жөніне немесе Толық аты-жөнінен қарама-қарсы *карандаш* белгісіне басу;
    * «Жеке деректер» қойындысын ашу;
    * ашылған беттің төменгі оң бұрышында орналасқан «Әкімшілік құқықтар» блогында қызметкерге берілетін құқықты қанат белгісімен белгілеу;
    * өзгерістерді «Сақтау».

    Құқық берілген тізбеде өзгерістерді енгізу үшін рәсімді қайталау керек