Күнтізбелік жоспарлауды импорттау

Файлды импорттау үшін дайындау

Импорттауды бастау үшін xls (Microsoft Excel 97-2003) және xlsx (Microsoft Excel 2007-2014) форматындағы файлдарды алдын ала дайындау қажет. Ол алдын ала экспортталып алынуы мүмкін.

Файлда келесідей деректер болуы мүмкін:

  • сабақ нөмірі;
  • сабақ тақырыбы;
  • yй тапсырмасы.

w256h2561372777059Exclamation.png Күнтізбелік жоспарлауды сабақ нөмірі бар бағансыз импорттау мүмкіндігі бар. Егер сабақ нөмірі көрсетілмесе, онда олар автоматты түрде қойылады.

Файлда сабақтың барлығы болуы міндетті емес.

Күнтізбелік жоспарлауды импорттау мысалы:

Сабақ нөмірі Сабақ тақырыбы Келесі сабаққа үй тапсырмасы
1 Иррационалды теңдеуді шешу Бет. 23, жат.56-64
2 Ньютон-Лейбниц формуласы Бет. 22, жат.формулалар мен ережелерді жаттау
3 Аудандарды шешу үшін Ньютон-Лейбниц формуласын қолдану Бет. 20, жат.47-50
4 Қисықсызықты трапеция ауданы Терминдерді жаттау

 

Ескерту: бағандар атауы міндетті емес. Күнтізбелік жоспарлауды импорттау мысалы мақалада бекітілген.

Импорттау

Импорттауға өту үшін, көк ленталы мәзірден «Мектеп» бөлімі «Журналдар» пунктін таңдап, ашылған бетте «Күнтізбелік жоспарлау» қойындысын ашып, оң жақтағы  батырмасын басу қажет.

Қадам 1. Деректер көзі

Күнтізбелік жоспарлаудың бұл кезеңінде бастапқы деректері бар файлды таңдау қажет. Бұл үшін «Выберите файл» батырмасын басып, алдын ала дайындалған файлды қосу қажет. Ары қарай файлдың бірінші жолының мазмұнын көрсету қажет: бағандар атауы немесе деректер, сосын «Ары қарай» батырмасын басу қажет.

 

 

Қадам 2. Параметрлер

Ашылған бетте күнтізбелік жоспарлау параметрлерін көрсету керек:

  • оқу жылы;
  • сынып;
  • пән;
  • оқу тобы;
  • оқу кезеңі;

Ары қарай бағандар сәйкестігін көрсету керек.

 

 

«Ары қарай» батырмасын басу қажет.

Қадам 3. Деректерді тексеру

Нәтижелерді алдын ала тексеру, импортталатын файл деректерінің дұрыстығын көрсетеді.

 

 

Деректерді тексеру барысында, күнтізбелік жоспарлау ұяшықтарында деректердің бар екендігін ескертеді. Жүйе сабақ тақырыбын ауыстыра алады немесе сол қалпында қалдырады. Күнтізбелік жоспарлаудың әрбір жолына: импорттау немесе импорттамау іс-әрекетін жеке таңдауға болады.

Қажетті іс-әрекеттерді таңдаған соң, «Импорттау» батырмасын басу қажет.

Егер алдын ала тексеру сәтті өтсе, «Ары қарай» батырмасын басу қажет.

Қадам 4. Импорттау

Жүйе импорттау нәтижелері бар бетті ашады. Тағы бір файлды импорттау қажеттілігі туындаса «Жаңа импорттауды бастау» батырмасына басу қажет.

Үй тапсырмасын импорттау кезінде, келесі параметрлер автоматты түрде қойылады:

  • ҮТ орындау мерзімі – келесі сабақ уақыты;
  • Үнсіз пайдаланылатын баға түрі;
  • Баға саны – 1 баға;
  • Журналда көріну деңгейі – «Көрсетпеу»;
  • ҮТ тексеруді қажет етеді;
  • Сипаттамасы бар файл қажет емес;
  • ҮТ сипаттамасы импортталатын файлдан толтырылады;
  • Сабаққа қатысушылардың барлығына «Берілді» күйі.

Ескерту: алдағы уақытта автоматты толтырылған параметрлерді қажет болған жағдайда өзгертілуі мүмкін. 

Комментарии