Критериалды бағалау – жиынтық және формативті бағалауды білдіреді.
Жиынтық бағалау журналын ашу үшін бір рет оқу жылдың басында сынып параметрлерінде «Журнал түрін» таңдау қажет. Жүйеде әр сыныпқа арналған журналды таңдау үшін журналдың екі түрі беріледі – «Журналдың классикалық түрі» және «Жиынтық бағалау журналы». Сынып қандай бағалау жүйесімен оқитын екеніне байланысты, сол журналын таңдау қажет.
Журнал түрі:
Ескерту: білім алушылардың тегі және есімі журналда, Жүйеде орнатылған тіліне қарамастан, қазақ тілінің ережесімен әліпби бойынша тұрады.
Жиынтық бағалау журналына:
Формативті бағалау
Төменде белгіленген 5-баллдық бағалау түрінің фомативті бағалаумен сәйкестігі:
5-баллдың жүйесіндегі бағалау | Формативті бағалаудың бағасы | Журналдағы белгісі |
«5» | Керемет | «КРМ» |
«4» | Жақсы | «ЖҚС» |
«3» | Орташа | «ОРТ» |
«2», «1» | Нашар | «НШР» |
Журналдың бір ұяшығына қатысу туралы белгілер және формаливті бағалаудың белгісін қоюға болады.
Қатысу туралы белгілер кіші әріптермен енгізіледі, мысалы «ж» - жоқ. Формативті белгі баға түрінде енгізілсе болады(2,3,4,5) немесе әріптермен «КРМ» немесе «НШР».
Сөздік баға сабақтың құрылған жұмысы бар болғанда ғана қойылады.
Ескерту: формативті бағалауды пәннің журналында да, сабақ парақшасында да қоюға болады.
Жиынтық бағалау
Жиынтық бағалау бағалары математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша есептелінеді және үтірден кейінгі барлық сандар есепке алынады:
Мысал: журналда 64,5-ке тең ТЖБ мен БЖБ дөңгелектенген суммасы 65-ке тең болу қажет, бірақ, математикалық дөңгелектеуде үтірден кейінгі сандар есепке алынғандықтан 64-ке тең болады.
Ескерту: журналда үтірден кейін тек 1 сан ғана көрінеді.
Есептеу формуласы НИМ (НИШ) шығарған «Жиынтық бағалау бойынша әкімшілікте» көрсетілген.
Тоқсандық бағаны есептеудің жалпы формуласы:
2017 (2016-2017) жылға дейінгі мектеп жылдарына арналған жылдық бағалауды есептеудің жалпы формуласы:
2017 (2017-2018) жылдан кейінгі мектеп жылдарына арналған жылдық бағалауды есептеудің жалпы формуласы:
мұндағы n - есептік кезеңдердің саны.
Жиынтық бағалау балл сандары жинақталып, оқу кезеңінің соңында қорытынды бағаға және оқу жылының соңында жылдық бағаға ауыстырылады. Ол үшін келесідей шкала қолданылады:
Жиынтық бағалау (1 сынып) | ||
Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны | Бағалау көрсеткіші | Баға |
0-20% | Қанағаттанарлықсыз | «2» |
21-50% | Қанағаттанарлық | «3» |
51-80% | Жақсы | «4» |
81-100% | Өте жақсы | «5» |
Жиынтық бағалау (2-11 сынып) | ||
Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны | Бағалау көрсеткіші | Баға |
0-39% | Қанағаттанарлықсыз | «2» |
40-64% | Қанағаттанарлық | «3» |
65-84% | Жақсы | «4» |
85-100% | Өте жақсы | «5» |
Жиынтық бағалау журналында әрбір тоқсандағы оқу бағдарламасының бөлімдеріне максималды мүмкін болатын жиынтық бағалар саны қарастырылған – 4 дана. Максималды балды, қызыл түспен «Макс.балл» жазылған ұяшықта көрсетесіз.
Егер оқу бағдарламасында бөлімдер аз болса (мысалы, 2 дана) – онда артық қалған 2 жиынтық жұмысына максималды балды көрсетпесеңіз жеткілікті болады.
Ескерту:
Жиынтық бағалаусыз жүргізілетін пәндер туралы
Егер кейбір пәндерде (музыка, дене шынықтыру, өзін-өзі тану) жиынтық бағалармен қорытылмайтын болса, журналға сондай пәндер бойынша «Сынақтан өтті» (СӨ) немесе «Сынақтан өтпеді» (СӨП) деген белгілер қойылуы қарастырылған.
Осындай мүмкіндікті іске қосу үшін келесі әрекеттер жасалынуы қажет:
«Критериалды бағалау» блогында «Қорытынды аттестаттау» пунктінде «Сынақ (тоқсан)» немесе «Сынақ (жарты жыл)» деген параметрлерінен біреуін таңдау.
Ескерту:
«Сынақ» параметрін тандағанда журналда жиынтық балл бағандардын орнында «Есептелінді» (ЕСП) немесе «Есептелінген жоқ» (ЕСЖ) деген белгілерді қою үшін қорытынды баған пайда болады.
Сыныпқа «Тоқсандар» деген есептік кезеңдер тағайындалған болса, «Сынақ (жарты жыл)» параметрін таңдағанда, сол сынып журналында қорытынды бағандар 1 және 3 тоқсандар үшін жасырылады.
Критериалды журналдардың функциялары
Критериалды бағалаудың келесі функциялары бар:
Журналды Excel-ге экспорттау
Есептік кезеңдер (тоқсан, семестр, триместр, модуль) бойынша журналды экпорттауға болады, сондай-ақ оқу топтарының журналын экспорттау мүмкіндігі бар. Қорытынды бағалар қойылған журналды экспорттуаға болмайды.
Қорытынды бағасы сынақ ретінде қойылатын пәндердің журналын экспорттағанда «БЖБ», «ТЖБ», «% БЖБ», «% ТЖБ» «Жиынтық %» ұяшықтары кестеге енгізілмейді. Кестеге (СӨ/СӨП/БОС) қорытынды бағалары енгізіледі.
Журналды басып шығару
Есептік кезеңдер (тоқсан, семестр, триместр, модуль) бойынша журналды басып шығаруға болады, сондай-ақ оқу топтарының журналын басып шығару мүмкіндігі бар. Пәнді басып шығарған кезде, қорытынды аттестаттау «Сынаң» ретінде бағаланған болса, осы параметрлер шығарылмайды.
«БЖБ» ұяшықтарда «Макс.балл» көрсетілген болса, басып шығарылады.
Журналдағы «БЖБ» ұяшығына баға қойылмаған болса, «БЖБ» бағанасы бос болып шығады. Төменгі ұяшықта «БЖБ»/ «ТЖБ» максималды баллдары басылып шығады.
«% БЖБ», «% ТЖБ» «Жиынтық %» ұяшықтары ешқандай дерек жазылмаған (бос ұяшық) жағдайда да басып шығарылады. Қорытынды бағасы сынақ ретінде қойылатын пәндердің басып шығарылған журналында бұл параметрлер болмайды.
Ескерту: басып шығарылған журналда «К» белгісі болмайды, себебі оқушы сабаққа қатысқан болып саналады.