Жиынтық бағалау журналын қалай толыру қажет?

Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңінің (тоқсан, триместр, оқу жылы, орташа білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларының бөлімдеріне балл және баға қою аяқталуы бойынша жүргізілетін бағалау түрі.

Жиынтық бағалау балл сандары жинақталып, оқу кезеңінің соңында қорытынды бағаға және оқу жылының соңында жылдық бағаға ауыстырылады. Ол үшін келесідей шкала қолданылады:

Жиынтық бағалау (1 сынып)
Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны Бағалау көрсеткіші Баға
0-20% Қанағаттанарлықсыз «2»
21-50% Қанағаттанарлық «3»
51-80% Жақсы «4»
81-100% Өте жақсы «5»

 

Жиынтық бағалау (2-11 сынып)
Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны Бағалау көрсеткіші Баға
0-39% Қанағаттанарлықсыз «2»
40-64% Қанағаттанарлық «3»
65-84% Жақсы «4»
85-100% Өте жақсы «5»

 

Жиынтық бағалау журналына:

  • Бөлім бойынша әрбір жиынтық жұмысқа балл қойылады (БЖБ) – жиналған балл сомасы және оқу жетістіктеріне тиісті деңгейі.
  • Тоқсан бойынша жиынтық жұмысқа балл қойылады (ТЖБ) – сипаттамаға сәйкес жиналған балл сомасы.
  • Оқу кезеңіне баға қойылады – белгілі бір пайыздық қатынасы бойынша, оқу кезеңі барысында өткен барлық жиынтық жұмыстарының балл сомасы. Оқушы оқу кезеңінде максимум % БЖБ + % ТЖБ = 100% ала алады: % БЖБ көсеткіші 50% - ға тең, сәйкесінше, % ТЖБ көрсеткіші де 50%-ға тең.
  • Жылдық баға қойылады - шкалаға сәйкес барлық оқу кезеңдерінде жинақталған балл сомасының барынша максималды балға ықтимал пайыздық көрсеткіші.
  • Сабаққа қатысу туралы белгі.

Жиынтық бағалау журналын ашу үшін бір рет оқу жылдың басында сынып параметрлерінде «Журнал түрін» таңдау қажет. Жүйеде әр сыныпқа арналған журналды таңдау үшін журналдың екі түрі беріледі«Журналдың классикалық түрі» және «Жиынтық бағалау журналы». Сынып қандай бағалау жүйесімен оқитын екеніне байланысты, сол журналын таңдау қажет.

 

 

Сабаққа қатысу туралы белгілері бар журнал:

 

 

Жиынтық бағалау журналында әрбір тоқсандағы оқу бағдарламасының бөлімдеріне максималды мүмкін болатын жиынтық бағалар саны қарастырылған – 4 дана. Максималды балды, қызыл түспен «Макс.балл» жазылған ұяшықта көрсетесіз.

 

2.png

 

Егер оқу бағдарламасында бөлімдер аз болса (мысалы, 2 дана) – онда артық қалған 2 жиынтық жұмысына максималды балды көрсетпесеңіз жеткілікті болады.

 

3.png

 

Ескерту:

  • Пайыздық көрсеткішін шығару үшін, баллды қойғаннан кейін браузер бетін «Ctrl+F5» комбинациясын басу арқылы жаңарту қажет.
  • Егер қойылған балды өзгерту/өшіру қажет болса, онда тінтуір меңзерін қолданып, қажетті ұяшықтағы балды өзгертіп/өшіріп, пернетақтада «Enter» батырмасын басу қажет. Егер қателік есебімен басқа бөлім толтырылып қойса, онда бірінші оқушыларға қойылған балдарды, сосын максималды баллды жою қажет.

Комментарии