Рейтинг қалай есептелінеді?

Жобаға қатысатын әрбір білім беру ұйымы (бұдан әрі – БҰ) - «Kundelik.kz жүйесінің ең белсенді мектебі" атағы үшін жарыса алады.

Ең белсенді Топ-10 мектептер рейтинг бетінде көрсетіледі.

Рейтингті келесі сілтеме арқылы өтіп, көруге болады: https://kundelik.kz/mostactive

 

Рейтингті қалыптастыру шарттары:

Шарт 1: әрбір БҰ өз белсенділігімен балл жинайды. Білім беру ұйымының бірегей пайдаланушысының бір рет кіруі 1 баллға тең. Бір пайдаланушы күніне 1 баллдан артық ала алмайды. Осылайша, әрбір оқушыға, БҰ қызметкеріне және ата-анаға, балл санын ұлғайту үшін, Kundelik.kz күніне 1 рет кірсе жеткілікті.

Шарт 2: күні бойы жинақталған баллдар саны, жалпы соммаға Алматы уақытымен күнде сағат 7-де қосылады.

Шарт 3: баллдар саны бір ай ішінде жинақталып, келесі айдың 1-іне нөлденеді.

Шарт 4: жинақталған баллдар негізінде ең белсенді 10 БҰ және ең белсенді жаңа 10 БҰ рейтингісі қалыптасады. Баллдар саны көп болса, соғұрлым рейтингісі жоғары болады.

Шарт 5: белсенді жаңа БҰ рейтингісінде, қосылған күніне қарамастан, Kundelik.kz жүйесіне 2 күнтізбелік айдан кешіктірмей тіркелген ұйымдар қатысады.

Мысалы, №1 мектеп 1 наурыз күні, ал №2 мектеп 31 наурыз күні жүйеге тіркелді. Осы екі ұйымда белсенді жаңа БҰ рейтингісінде 1-мамырға дейін қатыса алады, себебі жүйе білім беру ұйымдарын тіркелген сәттен бастап 2 айды айқындайды – наурыз және сәуір.

Комментарии

  • Avatar
    Сүндет Əсілбекұлы Тұрысбек

    Сəлеметсіздер
    Менің сұрағым кейбір мектептерде бала саны мұғалім саны аз кейбірінде керісінше көп сонда олардың балл саны былай да былай асып кетпей ме?