«Күнделік» жүйесінің беттеріндегі жарнама

Құрметті пайдаланушылар!

«Күнделік» жүйесінің беттерінде тексерілген жарнама берушілерден ғана және «6+» санатына сәйкес жарнамалар орналастырылады. «6+» санаты - балалар аудиториясына көрсетуге рұқсат берілген жарнамаларды тұспалдайды және «Күнделік» жүйесінің беттерінде ішімдік, темекі өнімдері және т.б. сипаттағы жарнамалар болмайды.

Егер пайдаланушы «Күнделік» желісінің беттерінде ұнамсыз сипаттағы жарнамалық баннерлерді көрсе, бірден компьютерді зиянды бағдарламалық жасақтаманың бар болуына тексеру ұсынылады.

Қисынсыз жарнамалар мен 18+ мазмұнындағы баннерлерінің жүйе беттерінде пайда болу қаупін төмендету үшін, Интернеттегі жұмысқа жауаптылықпен қарау қажет:

  • компьютерде өзекті (жаңартылған) вирустық базасы бар вирусқа қарсы бағдарлама орнатылған болуы керек;
  • қолданыстағы браузерде орнатылған қосымша плагиндер (кеңейтулер) тізімін тексеру керек;

 Жарнамаларды қамтитын зиянды бағдарламалық жасақтамалар, пайдаланушының растауынсыз, автоматты түрде плагиндерді жаңарту ретінде таралуы мүмкін.

  • белгісіз көздерден жіберілген, күдікті сілтемелермен келген хаттар арқылы өту қажет емес;
  • қорғау жүйелерінің зиянды сайттар туралы ескертпелерін ескермей өту қажет емес.

Жүйеде қисынсыз жарнамалардың жиі туындау себебі, әр браузерде бар, беттерді бақылау функциясы болып табылады. Браузер кіріп шыққан беттерді бақылайды және, нәтижесіне байланысты, ашылатын терезелерде сол немесе өзге де, мәтінмәндік жарнама деп аталатын,  жарнаманы қосады.

Беттерді бақылау функциясын өшіру жайлы ақпаратты «Браузер құпиялылығын қалай көтеруге болады?» нұсқаулығынан оқи аласыз.

Браузердің плагиндер тізімін тексеру жайлы ақпаратты «Браузердегі плагиндер тізімін қалай тексеруге болады?» нұсқаулығынан оқи аласыз.

Комментарии

  • Avatar
    Қосарал орта мектебі

    Саламатсыздарма! менің күнделік жүйесі бойынша сұрағым көп. телефон согайын десем домашный телефон. сіздерде сотвый телефон болама?