Профильдегі фотосуретті (аватарды) қалай жүктеуге/ өзгертуге/ жоюға болады?

Аватар – пайдаланушының жеке профиліндегі фотосурет. Желіде  достары мен сыныптастары пайдаланушының суреті арқылы тез табу мүмкіндігі.

Аватарды қалай жүктеуге болады?

Профиль параметрлерінде фотосуретті жүктеуге болады. Мұны орындау үшін параметрлерге өтіп, «Профиль» қойындысында «Файлды таңдау» түймесін басыңыз.

 

 

 Фотосуретті тек жүйеге тіркелген пайдаланушылар ғана орната алады.

Ескерту: егер баланың профилі тіркелмеген болса (яғни, сұр түспен боялса), Ата-ана баланың профильдегі фотосуретін жүктей алмайды. Фотосуретті тек баланың өзі, өз профиліне кіріп жүктей алады (немесе баланың пайдаланушы аты мен құпиясөзін білген жағдайда, Ата-ана баланың профиліне кіріп жүктей алады).

Аватарды қалай өзгертуге болады?

Жүйеде фотосуреттерді өңдеу функциясы жоқ, сондықтан аватарды жүктегеннен кейін оны өңдеу мүмкін емес: түсті және контрастты өзгерту, фотосуретті аудару және т.б.

Аватардың нақты тіркелген өлшемі бар, яғни кез-келген жүктелген сурет көлемі 150-ден 150 пикселге дейін болады. 

Егер фотосурет дұрыс жүктелмеген болса (мысалы, сурет төңкерілген болса), оны өңдеу мүмкін болмайды. Жүктелген файлды жүктеу алдында жеке компьютерде өңдеу қажет.

Аватарды қалай жоюға болады?

Фотосуретті профиль параметрлерінде жоюға болады. Фотосуретті өшіру үшін, суреттің үстіне тінтуірді апарғанда пайда болатын «жою» белгісін басу қажет.

 

 

Комментарии