Аты мен лақап атының айырмашылығы неде?

Аты

Білім беру ұйымының қызметкері енгізген (әкімгер, сынып жетекшісі немесе «Адамдар» блогына толық қолжетімді құқығы бар редактор), қолданушының нағыз ТАӘ.

Лақап аты

Жүйенің әлеуметтік желі бөлігінде (жеке парақша, топтар, оқиғалар және т.б.) басқа да қатысушылар көре алатын (пайдаланушының қалауы бойынша), ойдан шығарылған лақап аты.

Лақап атты қалай орнатуға болады?

Жеке деректерді өңдеу бетіне өтіп, лақап атты енгізу қажет және құпиялылық параметрлерді орнату қажет:

 

 

Ескерту:

  • Өз парақшасында отырған пайдаланушы, бәрі бір өзінің шын атын көріп отырады.
  • Білім беру ұйымының журналында да әрқашан пайдаланушының шын аты көрініп тұрады.
  • Егер лақап ат орнатылмаған болса, онда үнсіз келісім бойынша шын аты көрініп тұрады.
  • Егер құпиялылық параметрінде «Барлығына» пункті таңдалған болса, онда жобаның барлық қатысушылары шын атын көретін болады.

 

 

 

 

Комментарии