Браузер құпиялылығын қалай көтеруге болады?

Интернет пайдаланушыларына ыңғайлы болу үшін браузер функциялары үнемі жетілдірілуде. Алайда, браузер жақсы ғана емес, «қызығырақ» бола түсуде: олар іздеу сұрауларын, бағдарламаларды қолдану туралы мәліметтерді және басқада ақпараттарды өз әзірлеушілерінің серверіне жібереді. Қаралған сайттар, жүйеде қалып кеткен ақпараттармен әр түрлі куки-файлдар арқылы өзара ақпарат алмаса алады. Пайдаланушылардың белсенділігін бақылау мақсаты әртүрлі: браузердің ең белгілі функцияларынан бастап, жарнамаларды шектеу және браузер қосымшаларын автоматты түрде жаңарту арқылы таралатын зиянды бағдарламаларға дейін статистикасын алады.

Бұл нұсқаулықта белгілі браузерлерде бақылау функциясын қалай өшіру керектігі жайлы сипатталған.

 

Mozilla Firefox

Firefox браузерінде бақылау функциясын өшіру үшін:

  • экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзіріне кіріп , «Настройки» бөлімін таңдау қажет:

 

 

  • ашылған бетте «Приватность» қойындысын таңдап, «Использовать защиту от отслеживания в Приватных окнах» бөліміне қанат белгісін қою қажет:

 

 

  • бақылауды өшіру үшін, «управлять параметрами «Не отслеживать» сілтемесіне өтіп, «Использовать «Не отслеживать» бөліміне қанат белгісін қою қажет:

 

 

 

Google Chrome 

Google Chrome браузерінде бақылау функциясын өшіру үшін:

  • браузер мәзірін ашып «Настройки» бөлімін таңдау қажет:

 

 

  • ашылған терезеден «Показать дополнительные настройки» мәзірін таңдау қажет:

 

 

  • «Личные данные» бөліміндегі «Отправлять запрет отслеживания с исходящим трафиком» бөліміне қарама-қарсы ұяшыққа "қанат" белгісін қою қажет:

 

 

  • өзге әзірлеушілердің cookie файлдарын оқшаулау үшін (мысалы, жарнамалық баннерлер немесе қалқымалы терезелер), осы баптаулар терезесінде «Настройки контента» мәзірін таңдаңыз. «Блокировать данные и файлы cookie сторонних сайтов» бөліміне қарама-қарсы "қанат" белгісін қою қажет:

 

 

  • баптауларды сақтау үшін«Готово» батырмасын басу қажет.

 

Internet Explorer

Internet Explorer браузерінде бақылау функциясын өшіру үшін:

  • браузердің баптаулар бөліміне өтіп, «Свойства браузера» мәзірін таңдау қажет:

 

9.png

 

  • «Конфиденциальность» қойындысындағы жылжыманы «Блокировать все cookie» баптауына дейін көтеру қажет. Бұл баптау компьютерде cookie файлдарының сақталу мүмкіндігін жоғалтады.

Барлық cookie файлдарын оқшаулау, көптеген веб-сайттарға қолжеткізу мүмкіндігін шектейді. Internet Explorer құпиялылығының екі деңгейі неғұрлым қолайлы болуы мүмкін - Жоғары және Орташадан жоғары.

 

10.png

 

  • баптауларды сақтау үшін«OK» батырмасын басу қажет;
  • баптаулар мәзіріне өтіп, «Безопасность» бөлімін таңдап, «Защита от слежения» бөліміне өтесіз:

 

 

  • ашылған бетте «Получить в Интернете список защиты от слежения…» жазбасын шерту қажет:

 

2.png

 

  • ашылған терезеде қосымшалардың ілеспе мәтінін мұқият оқып, қолайлы тізімдерді таңдағаннан кейін Add (Добавлять/Қосу) батырмасын шертіп, тізімнің қосылуын растау қажет.

 

Yandex браузер

Yandex браузерінде бақылау функциясын өшіру үшін:

  • браузердің баптаулап мәзірін ашу:

 

 

  • ашылған бетте «Показать дополнительные настройки» мәзірін таңдау керек. «Личные данные» бөліміндегі «Отправлять сайтам запрос «Do not Track»(«Не отслеживать»)» бөліміне қарама-қарсы ұяшыққа «қанат» белгісін қою қажет:

 

 

  • өзге әзірлеушілердің cookie файлдарын оқшаулау үшін (мысалы, жарнамалық баннерлер немесе қалқымалы терезелер), осы баптаулар терезесінде «Настройки контента» мәзірін таңдаңыз. «Блокировать данные и файлы cookie сторонних сайтов» бөліміне қарама-қарсы "қанат" белгісін қою қажет:

 

15.png

 

  • баптауларды сақтау үшін «Готово» батырмасын басу қажет.

 

Opera

Opera браузерінде бақылау функциясын өшіру үшін:

  • браузер мәзіріне өтіп, «Настройки» - «Общие настройки» бөлімін таңдау қажет:

 

 

  • «Безопасность» бөлімін таңдап, «Указывать веб-сайтам не отслеживать меня» баптауын көрсету қажет:

 

 

Егер аталған браузерлердің тізімінде қолданылатыны болмаса, браузердің баптауларын қарастырып, орнатылған плагиндер тізімін тексеру қажет.

Комментарии