Браузердегі плагиндер (кеңейтулер) тізімін қалай тексеруге болады?

Плагин (ағыл. plug-in, plug in «қосу») – негізгі бағдарламаға қосылатын және оның мүмкіндіктерін кеңейту үшін және/немесе қолдану үшін арналған, тәуелсіз құрылған бағдарламалық модуль.

Енді қолдауы жүзеге аспайтын орнатылған плагиндер, қауіпсіздік қатерінің туындау қауіпін арттырады. Плагиндерді жаңарту арқылы, компьютерге зиянды бағдарламалар мен вирустар енуі мүмкін.

Жарнама берушілер, көп жағдайда браузер плагиндері пайдаланушының растауынсыз жаңартылып отыратынын пайдаланып, кезекті бір жаңартулар ретінде, зиянды әрекеттер тудыратын JavaScript-кодын орналастырады.

Ескертулер: жүйе беттерінде қисынсыз сипаттағы жарнамалық баннерлер туындаса, браузерде орнатылған плагиндер жұмысының дұрыстығын келесі жолдармен тексеруді ұсынамыз:

  • орнатылған плагиндерді кезекпен өшіріп және жарнама пайда болған беттерді жаңарта отырып, қадағалау қажет.
  • плагинді өшіргеннен кейін беттегі қисынсыз жарнамалар кетсе, онда оны жою қажет немесе өшірулі күйінде қалдыру қажет.

Браузердегі плагиндерді өзекті күйде қолдану, Интернетте қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етуге көмектеседі.

 

Google Chrome браузерінде плагиндер тізімін тексеру

  • браузер мәзірін ашып , «Дополнительные инструменты»«Расширения» бөлімін таңдау қажет:

 

 

  • ашылған мәзірде браузер плагиндерін кезекпен өшіріп-қосу қажет. Плагинді өшіру/қосу үшін, плагин атауына қарама-қарсы тұрған «қанат» белгісін алып тастау қажет:

 

 

  • плагинді жою қажет болған жағдайда плагин атауына қарама-қарсы қоқыс себетінің белгішесіне басу қажет.

 

Firefox браузерінде плагиндер тізімін тексеру

  • браузер мәзіріне кіріп  «Дополнения» бөлімін таңдау қажет:

 

 

  • ашылған мәзірде «Расширения» бөлімін таңдау қажет:

 

 

  • плагинді өшіру үшін, плагин атауына қарама-қарсы тұрған «Отключить» батырмасын басу қажет. Плагинді жою қажет болған жағдайда плагин атауына қарама-қарсы «Удалить» батырмасын басу қажет.

 

 

Internet Explorer браузерінде плагиндер тізімін тексеру

  • браузердің баптаулар бөліміне өтіп, «Настроить надстройки» мәзірін таңдау қажет:

 

 

  • ашылған терезеде плагинді шертіп, терезенің төменгі бөлігінде «Отключить» батырмасына басу қажет:

 

25.png

 

  • жою үшін, плагиннің атын тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіп, «Подробнее» мәзірін таңдайсыз, сосын «Удалить» батырмасын басу қажет.

 

Opera браузерінде плагиндер тізімін тексеру

  • браузердің баптаулар мәзірін ашып, «Расширения»«Управления расширениями» қойындысын таңдау қажет:

 

26.png

 

  • плагинді браузерден өшіру үшін, ашылған бетте «Отключить» батырмасын немесе жою үшін «Удалить» батырмасын таңдайсыз.

 

27.png

 

Yandex браузерінде плагиндер тізімін тексеру

  • браузердің баптаулар мәзірін ашып , «Дополнения» қойындысын таңдау қажет:

 

 

  • ашылған бетте «Дополнения» мәзірін таңдау қажет;
  • плагинді қосу/өшіру үшін  немесе  батырмасын басу қажет.

 

 

Егер аталған браузерлер тізімінде қолданылатыны болмаса, браузердің баптауларын қарастырып, орнатылған плагиндер тізімін тексеру қажет.

Комментарии