«Белсенділік бақылауы» есебінде көрсеткіштер қалай есептеледі?

Есеп қай кезеңге құрылады?

Есепке Астана уақытымен өткен дүйсенбі сағат 00:00-ден, жексенбі сағат 23:59 дейінгі деректер кіреді.

 

«Сабақ кестесінің толықтығы» көрсеткіші қалай есептеледі?

Бұл көрсеткішті есептегенде, мектепте құрылған сабақ кестелерінің мектептегі сыныптар санымен сәйкестігі тексеріледі. Көрсеткіш 100% болу үшін, әр сыныптың сабақ кестесінде бір есептік аптада 10 сабақтан кем болмау керек

 

«Жоспарлау жүргізу» көрсеткіші қалай есептеледі?

Бұл көрсеткішті есептегенде мектепте енгізілген сабақ тақырыптарының саны немесе жасалынған үй тапсырмаларының саны, есептік аптадағы жалпы сабақ санымен салыстырылады. Көрсеткіш 100% болу үшін, сабақ кестесіндегі әрбір сабақ үшін, келесі шарттардың кемінде біреуі орындалуы тиіс:

  • сабақ тақырыбы енгізілген;
  • үй тапсырмасы берілген.

Ескерту: үй тапсырмасы берілмейтін бірінші сыныптарда, тек қана сабақ тақырыптарын енгізу ұсынылады. Жүйені толық толтыру үшін, сабақ тақырыбын да, үй тапсырмасын да енгізу қажет.

 

«Журналды жүргізу» көрсеткіші қалай есептеледі?

Бұл көрсеткішті есептеу үшін, қойылған баға, сабаққа қатысу туралы белгі, сабаққа берілген түсінік және сабаққа қатысу белгілерінің саны тексеріледі. 

Көрсеткіш 100% болу үшін, есептік аптаның сабақ кестесіндегі әрбір сабақ үшін, келесі шарттардың кемінде біреуі орындалуы тиіс:

  • кемінде бір баға қойылған;
  • кемінде сабаққа қатысу туралы бір белгі;
  • сабаққа пікір қалдырылған;
  • сабақ парақшасында «Сабақ өткізілді» белгісі қойылған.

Ескерту: сабаққа баға қойылмайтын, барлық оқушылар сабаққа қатысқан және сабақ пікір қалдыруды қажет етпейтін жағдайларда, сабақ мектептің ЭЖҚ жүргізу статистикаларында есепке алынуы үшін, «Сабақ өткізілді» белгісін қою жеткілікті. Жүйені толықтай толтыру үшін, аталған толтыру жолдарының барлығын пайдалану ұсынылады

 

«Журналды уақытылы жүргізу» көрсеткіші қалай есептеледі?

Бұл көрсеткішті есептеу үшін таңдалған кезең бойынша, сабақта өткізілген жұмыстар үшін уақытылы қойылған бағалар, сабаққа қатысу туралы белгілер, сабақта қойылған пікірлер саны / таңдалған кезең бойынша жалпы қойылған бағалар, сабаққа қойылған пікірлер саны тексеріледі.

Ескерту: «Журналды уақытылы жүргізу» көрсеткішінде сабақ өткізілген күні сағат 21:00 дейін (екі ауысыммен оқитын мектептер үшін – келесі күннің 12:00 дейін) ұзақ тексеруді қажет етпейтін, келесі жұмыс түрлеріне қойылған бағалар ескеріледі:

  • сабақта жауап беру;
  • сабақтағы тәртібі;
  • сабақтағы жұмыс;
  • жатқа.

Егер таңдалған кезеңде, аталған жұмыс түрлері болмаса, «Журналды уақытылы жүргізу» көрсеткішін құруға дерек жеткіліксіз болғандықтан, бағанада «сызықша» белгісі пайда болады.

Ескерту: ЖАУАП (сабақта жауап беру) әдепкі түрде орнатылған. Басқа жұмыс түрлерін білім беру ұйымы сабақ кестесіне сәйкес сабақ парақшасында орнату керек.

Бірінші және жиынтық бағалау сыныптарында, сабақтан тыс жұмыс және барлық оқушылар қатысқан, баға мен пікір қойылмаған жағдайда, «САБ» (сабақ) жұмыс түрін таңдау ұсынылады.

Ескерту: «сабақ өткізілді» белгісі журналды уақытылы жүргізуіне әсер етпейді.

Көрсеткіш туралы толық анықтамалық: https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/115015561967

 

«Мұғалім/оқушы/ата-ана парақшаларының іске қосылу %» көрсеткіші қалай есептеледі?

Іске қосу пайызы келесі рөлдер үшін есептеледі:

  • ата-аналар;
  • оқушылар;
  • мұғалімдер.

Есептеу тәсілі барлық рөлдер үшін бірдей: белсендірілген парақшалардың саны, Жүйеде құрылған тұлғалардың жалпы санымен салыстырылады.

Ескерту: Жүйеде кез-келген құрылған пайдаланушының парақшасы тұлға болып саналады. Жүйеде тіркеу қадамдарын өткен парақшаның иесі, яғни өз парақшасын іске қосқан, пайдаланушы болып саналады (яғни 01.09.2016 бастап Жүйеге ең болмағанда бір рет кірген).  Білім беру ұйымның жалпы тізімінде тұлғалар сұр түспен, пайдаланушылар – жасыл түспен белгіленген. 

 

«Мұғалімдердің/оқушылардың/ата-аналардың жүйеге кіру жиілігі» көрсеткіші қалай есептеледі?

Кіру жиілігі келесі рөлдер үшін есептеледі:

  • ата-аналар;
  • оқушылар;
  • мұғалімдер.

Есептеу тәсілі барлық рөлдер үшін бірдей: әр пайдаланушылардың Жүйеге кіруі тексеріледі және Жүйеде құрылған тұлғалардың жалпы санымен салыстырылады. Көрсеткіштің пайызы 100% болу үшін, білім беру ұйымның әрбір пайдаланушы «Kүнделік» жүйесіне есептік аптада ең кемінде бір рет кіру қажет.

Мысалы: мектепте 100 ата-ана тұлғалары енгізілді. Олардан 60 ата-ана тіркеу қадамдарын өтті (өз парақшаларын белсендірді), және есептік аптада ең болмағанда бір рет 40 ата-ана Жүйеге кірді. Ата-аналардың кіру жиілігі 40% болады, себебі көрсеткіш Жүйедегі тұлғалар саны бойынша есептеледі.

Ескерту:  Бір парақшада «Қызметкер» және «Ата-ана» рөлі бар пайдаланушылардың есепте екі рөлі де қамтылады. 

 

«БМ, 60%-кем емес парақша іске қосылған» көрсеткіші қалай есептеледі? 

Бұл көрсеткіште тек екі мән бар:

  • 0 ( Білім беру мекемесінде 60%-кем парақша белсендірілгенін білдіреді);
  • 1 ( Білім беру мекемесінде 60%-астам парақша белсендірілгенін білдіреді).

Ескерту: есеп білім беру мекемесіндегі барлық аккаунттар бойынша Жүйедегі рөлі (мұғалім, ата-ана, оқушы) ескерілмей жүргізіледі. Жүйені толықтай толтыру үшін, бұл көрсеткіште «1» мәні тұру керек.

 

«БМ, жүйеге 25%-кем емес қайталанбас кірулер саны» көрсеткіші қалай есептеледі?

Бұл көрсеткіштің тек екі мәні бар:

  • 0 (Білім беру мекемесінде 25%-кем қайталанбас кірулер саны);
  • 1 (Білім беру мекемесінде 25%-астам қайталанбас кірулер саны).

Ескерту: Білім беру мекемесінде, рөлдер (мұғалім, ата-ана немесе оқушы) есепке алынбай, Жүйедегі барлық белсендірілген пайдаланушылар саны бойынша есептеу өтеді. Қайталанбас кіру – бұл «Күнделік» Жүйесіне есептік аптада әр пайдаланушының кемінде бір рет кіруі . Егер бір есептік аптаның ішінде пайдаланушы Жүйеге бірнеше рет кірген болса, оған бәрібір бір қайталанбас кіру есептеледі. Жүйені толық толтыру үшін, көрсеткіште «1» деген мән болу керек, яғни білім беру мекемесінің пайдаланушыларының кемінде  25% аптасына бір рет Жүйеге кіру керек.

Комментарии