Білім беру ұйымдарының «Белсенділік есебі» туралы жиі қойылатын сұрақтар

Білім беру ұйымдарының белсенділік есептері әр аптада сейсенбіде облыстық білім басқармаларына жіберіліп тұрады. Облыстық білім басқармаларының қызметкерлері есептерді аудандық білім бөлімдеріне және білім беру мекемелерге (әрі қарай – БМ, мысалы мектептерге) жіберуге құқықты.

Төменде апталық «Белсенділік есебі (Отчет по активности)» туралы белгілі сұрақтарға жауап берілген.

 

Қай кезең үшін есеп құрастырылады?

Есепке өткен сейсенбіден сағат 00:00-ден Астана уақытымен ағымдағы аптадағы дүйсенбіге сағат 23:59-ға дейін Астана уақытымен мәліметтер алынады.

Мысалы: 2016 жылғы 1 қараша үшін есебінде 2016 жылғы 25-31 қазан аралығындағы мәліметтер саналған.

 

«Сабақ кестесінің толықтығы / Степень наполненности расписания» көрсеткіші қалай саналады?

Бұл көрсеткішті санау үшін білім беру ұйымда құрылған сабақ кестесі саны тексеріледі және ол сыныптар санымен салыстырылады. Көрсеткіштің пайызы 100% болу үшін, есептік аптасында әр сыныптың сабақ кестесінде 10 сабақтан кем емес болу тиіс.

Мысалы: мектепте барлығы 11 сынып. 11 сыныптан бір сыныпта ғана өткен сейсенбі күнінен осы дүйсенбі күніне дейін барлығы 8 сабақ болып тұр, ал қалған сыныптарда барлығы 10 немесе оннан астам сабақ. Сондықтан, мектепте осы көрсеткіш бойынша 10/11*100=90,91%. 

Осы көрсеткіштің оңтайлы нәтижесі – 100%-кем емес.

 

«Жоспарлауды жүргізу / Ведение планирования» көрсеткіші қалай саналады?

Бұл көрсеткішті санау үшін білім беру ұйымда енгізілген сабақ тақырыптар  немесе  құрылған үй тапсырмалар саны тексеріледі және ол есептік апта үшін жалпы сабақ санымен салыстырылады. Көрсеткіштің пайызы 100% болу үшін, есептік аптасында сабақ кестесіндегі әрбір сабақта келесі аталған шарттардан  ең болмағанда бір шарты орындалған болуы тиіс:

  • сабақ тақырыбы толтырылған;
  • үй тапсырмасы берілген.

Ескертпе: үй тапсырмасы берілмейтін бірінші сыныптарға уақытылы сабақ тақырыптарын ғана енгізу қажет. Жүйе толық толтырылған болу үшін сабақ тақырыптарын да, тапсырмаларын да енгізуге ұсынылады.

Осы көрсеткіштің оңтайлы нәтижесі – 90-100%-кем емес.

 

«Журналды жүргізу / Ведение журнала» көрсеткіші қалай саналады?

Бұл көрсеткішті санау үшін білім беру ұйымда қойылған бағалар, сабаққа қатысу туралы белгілер, сабаққа пікірлер және сабақ өткізілген туралы белгілер саны тексеріледі. Көрсеткіштің пайызы 100% болу үшін, есептік аптасында сабақ кестесіндегі әрбір сабақта келесі аталған шарттардан  ең болмағанда бір шарты орындалған болуы тиіс:

  • ең болмағанда бір баға қойылған;
  • ең болмағанда сабаққа қатысу туралы бір белгі;
  • сабаққа пікір қалдырылған;
  • «Сабақ өткізілді» деген белгі сабақ парақшасында қойылған.

Ескертпесабаққа баға қойылмайтын, барлық оқушылар сабаққа қатысқан және сабаққа пікір қалдыруға қажеттігі жоқ жағдайда, осы сабақ білім беру ұйымда ЭЖ жүргізу жалпы статистикасында ескерілу үшін мұғалімге сабақ өткізілді туралы белгіні қою қажет. Жүйе толық толтырылған болу үшін барлық тәсілдерді пайдалану ұсынылады. 

Мысалы: мектепте өткен сейсенбі күнінен осы дүйсенбі күніне дейін барлығы 300 сабақ. 300 сабақтан әрбір сабағында баға бар болса, немесе сабаққа қатысу туралы белгі бар болса, немесе пікір болса, немесе сабақ өткізілді деген жерде белгі бар болса (4 шарттан ең болмағанда бір шарты әрбір сабақта орындалған болса), онда осы көрсеткіш бойынша 100% болады. Егер 300 сабақтан тек 10 сабақта аталған шарттардан ешқандай шарт орындалған болмаса, онда 290/300*100=96,66% болады. 

Осы көрсеткіштің оңтайлы нәтижесі – 90-100%-кем емес.

 

«Мұғалімдер/оқушылар/ата-аналар профильдері іске қосылған % / % активации учителей/учеников/родителей» көрсеткіші қалай саналады?

Активациялау пайызы барлық рөлі үшін саналады:

  • ата-аналар;
  • оқушылар;
  • мұғалімдер.

Есептеу тәсілі барлық рөлі үшін бірдей саналады: регистрациялық қадамдарды өткен профильдер сандары тексеріледі және Жүйеде құрылған тұлғалардың жалпы санымен салыстырылады.

ЕскертпеЖүйеде кез-келген құрылған пайдаланушының парақшасы тұлға болып табылады. Жүйеде регистрациялық қадамдарды өткен парақшаның иесі, яғни өз профилін іске қосқан, пайдаланушы болып саналады (яғни 01.09.2016 бастап Жүйеге ең болмағанда бір рет кірген). Білім беру ұйымның жалпы тізімінде тұлғалар сүр түспен, пайдаланушылар – жасыл түспен белгіленген. 

 

«Мұғалімдер/оқушылар/ата-аналар кірулер жиілігі / Частота входов учителей/учеников/родителей» көрсеткіші қалай саналады?

Кірулер жиілігі барлық рөлі үшін саналады:

  • ата-аналар;
  • оқушылар;
  • мұғалімдер.

Есептеу тәсілі барлық рөлі үшін бірдей саналады: нақты рөлдің әрбір пайдаланушының Жүйеге қайталанбас кірулері тексеріледі және Жүйеде құрылған тұлғалардың жалпы санымен салыстырылады. Көрсеткіштің пайызы 100% болу үшін, білім беру ұйымның (мектептің) әрбір пайдаланушысына «Kүнделік» жүйесіне есептік аптасында ең болмағанда бір рет кіру қажет.

Мысалымектепте 100 ата-аналар тұлғалары енгізілген. Жүйеде олардан 60 ата-ана регистрациялық қадамдарын өткен (өз профильдерін іске қосқан), және есептік аптада ең болмағанда бір рет 40 ата-ана Жүйеге кірген. Ата-аналар кірулер жиілігі 40% болады, өйткені профильдерін іске қосқан санынан емес, тұлғалар санынан саналады.

Ескертпе«Қызметкер» және «Ата-ана» рөлдерін бір профильде қамтитын пайдаланушылар үшін есеп екі рөліне бірден жүргізіледі. 

 

«60%-кем емес аккаунттары іске қосылған БМ / ОО, в которых активировано не менее 60% аккаунтов» көрсеткіші қалай саналады?

Бұл көрсеткіштің тек екі мәні ғана мүмкін:

  • 0 (бұл білім беру мекемеде 60%-кем аккаунттар іске қосылғанын (активацияланғанын) білдіреді);
  • 1 (бұл білім беру мекемеде 60%-астам аккаунттар іске қосылғанын (активацияланғанын) білдіреді).

Ескертпебілім беру мекемеде бұл есеп рольді есептемей (мұғалім, ата-ана немесе оқушы) барлығы аккаунт бойынша жүргізіледі. Жүйе толық толтырылған болу үшін осы өрісте «1» деген көрсеткішіне қол жеткізу қажет.

Осы көрсеткіштің оңтайлы нәтижесі – 60%-кем емес.

 

«Жүйеге 25%-кем емес қайталанбас кірулер өндірілген БМ / ОО, в которых произведено не менее 25% уникальных входов в систему» көрсеткіші қалай саналады?

Бұл көрсеткіштің тек екі мәні ғана мүмкін:

  • 0 (бұл білім беру мекемеде 25%-кем қайталанбас кірулер өндірілді);
  • 1 (бұл білім беру мекемеде 25%-астам қайталанбас кірулер өндірілді).

Ескертпебілім беру мекемеде бұл есеп рольді есептемей (мұғалім, ата-ана немесе оқушы) Жүйеде активацияланған пайдаланушылардың жалпы санынан барлық аккаунт бойынша жүргізіледі. Қайталанбас кіруі – бұл «Kүнделік» жүйесіне есептік аптасында әрбір пайдаланушының ең болмағанда бір рет кіруі. Егер есептік аптаның ішінде пайдаланушы Жүйеге бірнеше рет кірген болса, оған бәрі бір тек бір кіруі есептеледі (қайталанбас кіруі). Жүйе толық толтырылған болу үшін, осы өрісте «1» деген көрсеткіші болу қажет, яғни білім беру мекеменің барша пайдаланушыларынан 25%-кем емес «Kүнделік» жүйесіне аптасында ең болмағанда бір рет кіру қажет.

Осы көрсеткіштің оңтайлы нәтижесі – 25%-кем емес. 

Комментарии